facebook.com[/caption]
Бүгін Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Спортқа жақын бол! Еліміздің құрама командасының шашбауын көтер!» жобасының тұсаукесері өтті.
Оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры Ардақ Төлендин мен «Астана» ПКСК-ның спорт менеджері Юрий Мельниченко сөз сөйледі.
«Қазіргі таңда еліміздің құрама командасы ХХХІ жазғы Олимпиялық ойындарға қатысу үшін Рио-де-Жанейроға аттанып кетті. Еліміздің барлық өңірінен баратын 104 спортшы жарыстың 26 түрі бойынша Олимпиада жүлделері үшін күш сынасады. Аталған жобаның бағыттарының бірі – халыққа Қазақстан спортшыларының құрамы мен «Қазақстан», Қазспорт және «Хабар» телеарналары ұсынған Олимпиада ойындарының күнделікті тікелей көрсетілімдер бағдарламасымен таныстыру. Жобаның екінші бағыты халық арасында спортты кеңінен насихаттау», деді министрліктің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Серік Жарасбаев.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік орталығының директоры Ардақ Төлендин жобаның мақсаты туралы айта келіп, халық көп жиналатын орындарда баспа өнімдері үшін ақпараттық тақталардың қойылатынын, Олимпиялық ойындар аяқталғаннан кейін де жоба жалғаса беретінін, өйткені спортшылар одан кейін де халықаралық жарыстарға қатысатынын атап өтті.
Бүгінгі күні Астанада «Керуен», «Хан-Шатыр», «Мега», «Аружан», «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталықтары, орталық әмбебап дүкені, «Аңсар» бизнес орталығы, теміржол вокзалы, «Сапаржай» автовокзалында Олимпиадаға арналған тақталар орнатылған. Осыған байланысты «Астана» ПКСК-ның спорт менеджері Юрий Мельниченко жобаның маңыздылығын атап өтті. Іс-шара соңында жобаға қатысқан ұйымдарға Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттары тапсырылды.
Дастан КЕНЖАЛИН

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50