12 Тамыз, 2016

Суррогаттық саудаға айналмаса екен

403 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
суррогат «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», деген Абайдың сөзі адам­зат баласының тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірін бір ауыз сөзге сыйдырып тұрғандай. Қазақ халқы­ның салт-дәстүрі мен ғұрпы ұрпақ арасында сақталатын жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеу қағи­дасы бүгінде жойылып, жеті атасын білмейтін жетесіз ұрпақтар да бой көрсетуде. Бұл жағдай қазіргі қоғам­да кең етек алған суррогат ана­лар­да жиі кездесуі мүмкін. Сурро­гат ана болу пиғылын да, баланы біреудің жатырына салып беруді де ар-намысқа санамай­тын болдық. Суррогат ана болу – қазақы қоғамға жат нәрсе. Жаһан­дану­дың желкеніне ілесіп, қоғам да, адамдар да бұзыла бастады. Қазақы тәрбие, қазақы салт-дәстүр түбірі­мен әлсіреп, батыстың бағы­тына бет алдық. Елімізде суррогат­ аналардың саны артып жатса, оның ұрпақ­тарымыздың арасында қан араласып кетуіне себепші болары анық. Бұл – жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алыспаған ұлтқа үлкен мін. Құран Кәрімде: «Сендерге ана­­­­лары­ңа, қыздарыңа, әп­ке-қа­рын­­­дас­тарыңа, әкелеріңмен бір туған әйелдерге, аналарыңмен бір ту­ған әйелдерге, бір туған бауыр­ла­­рың­­­ның қыздарына, бір туған әпке-қа­­рын­­­дастарыңның қыз­дары­на, өз­­деріңді емізген сүт ана­ларыңа, бір­ге еміс­кен сүт бауыр әпке-қарын­дас­­тарыңа, үйленіп жақын­дас­қан әйел­­­де­рің­нің қолдарыңдағы өгей қыз­­да­ры­ңа үйленуге тыйым са­лына­­ды...»,  деп отасуға болмай­тын жағ­­дай­­ларды санамалап тұрып көрсеткен. Бұл – қан тазалығымен қоса ертең­гі дүниеге келетін ұрпақтың физио­логиялық, психологиялық, мораль­дық жағынан дені сау ұрпақ болуының бірден-бір кепілі. Өмірде кездесіп жатқан түрлі оқиғалардың салдары кемтар балалардың дүние­ге келуіне, өмір есігін ашқан ұрпақ­тың жетілмей туылуына әкеп соқ­тырып отыр. Жастардың жеті ата­сына қарамай туыс адамына тұр­мыс­қа шығуы, қан тазалығына мән бермеуі жиілеп кетті. Осы орайда кейіпкерімізді сөзге тартқан едік. Құлын-тайдай жарысып тел өскен Ж. мен Қ. есімді жастар бір-біріне бөле болып келеді. Екеуінің аналары әпкелі-сіңлілі. Алайда, екі жас бас құрап отау тікті. Аналары қарсы тұра алмады. «Біз арамызда махаббат болған соң осындай қадамға бар­дық. Қан араласу жағын ой­ла­ғы­­­мыз да келмейді, біз тек бір-бірі­­мізді тү­сі­неміз, жақсы көреміз», дей­­­­ді олар. Осындай жастар әдет-ғұ­рып­­­т­ы а­яқ­асты етіп жатса, кімді кінәлаймыз?! Қазақ тарихына көз жүгіртсеңіз қазақтың неке салтын көзге ілмей, оған бағынбай некеленген ел тентек­терін қазақ заңына салып жазалаған. Абайдың Тоғжанмен некелесе алмауы, Қалқаман мен Мамырдың некесінің трагедиялық жағдайға ұшы­рап, сәтсіздікке тап болуының себе­бі де осы қандастықта жатқан жоқ па? Қазақ ертеден қандастыққа апаратын теріс жолды тежеп, ата салтын сақтауға үлкен мән берген. Ал қазір ше? Батыстың тәрбиесін көрген ұрпақ соларға еліктейді, еліктеп те жатыр. Оның соңы, міне, суррогаттық анаға дейін заңы­мызға енгізіп қойдық. 2004 жыл­дың 16 шілдесінде қабылданған «Адам­ның ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiк­терi туралы» Қазақстан Респуб­лика­сы­ның заңында «суррогат ана» ұғы­мы заң жүзiнде бекiтiлгені бел­гілі. Осы заң бойынша елімізде ерлi-зайыптыларға суррогат ана қызметiне жүгіну құқы берiлген болатын. Сондықтан, суррогаттықты бизнес көзіне айналдырмай, тек мұқ­таж жандарға, мәселен, ұрпақ сүйе ал­май­тын жандарға ғана рұқсат беріл­се. Қысқасы, бұл – біреу үшін шара­сыз­дықтан баратын іс болса, енді бірі үшін нағыз бизнестің көзіне айналды. Бұл жайында талай мақала да жарық көрді, кинотуынды да дүниеге келді. Алайда, біз ұрпақ арасында қан араласу жағын ғана қамтып отырмыз. Ал суррогат аналардан тараған ұрпақтың арасында қан араласпауына кім кепілдік бере алады?! Бұл суррогатшылар бірін-бірі алыпсатарға айналдырды, ара­ларында делдал жүреді шапқы­лап. Оның бала сатудан қандай айыр­машылығы бар?! Қазақ халқы қандастығы алыс руларға құда болу барысында да тектілікке мән беріп, текті, көргенді ауыл­­дан қыз айттырып, баласын бер­ген. Екі жақтың сүйіспеншілігіне, м­ахаб­­бат еркіндігіне және қыз бала­ның қа­ра басының сапасына қарау­мен қа­тар, оның отбасының мәдениетіне ерек­ше көңіл аударған. «Жабыдан тұл­пар шықпайды, тексіз­ден текті ту­май­ды» деген аталы сөздің де төр­кіні  осыны мең­зеп тұрғандай. Енде­ше, тамыры­мызға балта шаппайық, те­рең­ге жая­йық, атадан балаға мұра бол­­­ған сал­тымызды сақтайық, бала­лы болу­дың басқа да жағын қарасты­ра­йық. Айман МҰҚЫШЕВА