Көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған дауыс берушілер үшін «Инватакси» қызмет көрсетіп, оларды дауыс беру учаскелеріне дейін тасымалдап жатыр.
Осы ретте №429 дауыс беру учаскесіне Эльмира Смағұлова да инватакси қызметі арқылы келіп, өз таңдауын жасады.
«Әр адамның дауысы маңызды. Барлық азаматтың теңдігі мен мүддесін құрметтеу арқылы ғана күшті және әділ қоғам құруға болады. Референдум - физикалық мүмкіндігіне қарамастан, әркімнің ел болашағына үлес қосатын мүмкіндігі», деді қаламыздың белсенді тұрғыны, әрі журналисі.