Соңғы жылдары жолдары шұрқ-тесік күйге түскен қалалардың бірі – Орал. Мұнда бір шұңқырдан қашып автокөлігін көлбете айдаған жүргізуші үш шұңқырға барып соқтығады. Осы орайда, қала көшелеріндегі жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді десек, шындықтан алшақ кетіп қалармыз. Жүргізіледі. Бірақ тендерді жеңіп шыққан мердігер ұйымдардың жайбарақаттыққа салынуы салдарынан бұл істер тым ұзаққа созылып кетіп жүр. Тіпті, облыс орталығында бұдан екі жыл бұрын басталған көше құрылыстарының әлі күнге дейін аяқталмай келе жатқандары да бар. Мұның бәрі таңғалдырады. Осы аралықта кезінде осы жұмыстарды қолға алған бұрынғы мердігерлердің іздерін суытып кету көріністері де кездесіп қалып жүр. Мұның басты мысалы олардың орнына жаңа мердігерлердің келуі деуге болады.
Биыл Орал қаласында көше құрылыстары бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда ерте басталды. Оны сәуір айының ішінде қолға алу тәжірибесі, сірә, өңірдің арғы-бергі тарихында болып көрмеген шығар. Биыл дәл солай болды. Бұған сәуірдің ақ таңы кезінде барша батысқазақстандықтар е, бәсе, осылай болуы керек еді ғой деп кәдімгідей ризашылықтарын білдірген еді. Алайда, қазіргі күндері олардың көктемдегі көтеріңкі көңіл күйлері су сепкендей басылып қалғаны да анық.
Мұның басты себебі күрделі жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылып келе жатқаны десек, қателеспейміз. Әсіресе, бүгінгі күні қаланың бас даңғылы – Достықтың бойында жолды пайдалануға беру мерзімін кешіктіріп отырған «АзияТехСтрой» ЖШС құрылысшыларының жұмысы мандымай-ақ қойғаны көзге айқын көрінеді. Абай атамыз «Баяғы жартас – бір жартас, қаңқ етер тіпті байқамас», деп осындайды айтса керек. Мүмкін олар жұмыс сапасына бірінші кезекте мән бергендіктен, күрделі өндірістік технологияларды қолдануға ұзақ уақыт кететіндіктен кестені созып алған шығар.
Бұлай деудің де ешқандай қисыны жоқ. Қалай дегенде де қала өте күрделі инженерлік жүйе екеніне ешкім талас туғыза алмайды. Соның ішінде құбырлар жүйесіндегі құдықтарды жөндеу ісінде ала-құлалық басым екендігі белгілі болып отыр. Сонда қалай болса солай, немкетті, сапасыз жұмыстар қабылданып кетсе не болмақ? Қомақты қаражатты желге ұшыру деген осы емес пе? Бұдан кім ұтады? Кім ұтылады? Оның арғы жағы айтпаса да белгілі емес пе?
Аталған құрылыстың ұзаққа созылу құбылысы мен көрінісі облыстық және қалалық әкімдік ғимараттары орналасқан тұста, ашығын әрі анығын айтқанда, қала және облыс әкімдерінің тұп-тура көздерінің алды мен иектерінің астында орын алуда. Сонда қаланың шет жағындағы жұмыс ырғағының мүлдем қозғалмай қалмасына кім кепіл? Қазіргі қолда бар деректер «АзияТехСтрой» ЖШС жөндеу жұмыстары кестесінен он екі пайызға, яғни жиырма күнге кейін қалып қойғанын көрсетеді. Бұл тұрғыда қала көшелерін жөндеуге басты сұраныс беруші КПО б.в. компаниясының өкілі Самат Сәрсенғалиев аталған құрылыс компаниясына ұзаққа созып жүрген салдыр-салақ істері үшін айып салғанын мәлімдеді.
Ал өкілі Артур Қабдығалиев болып табылатын «Балтемен» ЖШС іске шұғыл қарқын туғызбаса, оның жағдайы бұдан да ауыр болатын түрі бар. Яғни, Орал қаласының әкімдігі қаланың жаңа шағын аудандарындағы жол құрылысы ісін ақсатқаны әрі оны сапасыз жүргізгені үшін мердігерді сотқа беретін түр танытса, бұған таңғалудың ешқандай жөні жоқ.
Биыл Орал қаласындағы он төрт көшені күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Бұл жаңадан жиырма шақырым жол салынады деген сөз. Аталған ауқымды іс КПО б.в шетелдік компаниясының Орал өңіріндегі әлеуметтік жобаларға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландырылған. Алдағы кезде іс алға жылжып, аталған мердігер ұйымдар жұмыс сапасын көтеріп, кестеде көрсетілген мерзімді қуып жете ала ма? Әзірге бұл сауалға біржақты жауап қайтару қиын-ақ. Бұған уақыттың өзі төреші болмақ.
ОРАЛ

Елімізде тоғыз банк тарату сатысында тұр
Банк • Бүгін, 11:21
Қонақ үйлер заманауи стандарттарға сай жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 11:15
Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсті
Туризм • Бүгін, 11:05
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
Қоғам • Бүгін, 11:00
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Оқиға • Бүгін, 10:57
Ішкі жалпы өнімдегі орта бизнестің үлесі қандай?
Бизнес • Бүгін, 10:45
Елімізде 500 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығарылды
Экономика • Бүгін, 10:40
Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын иеленді
Спорт • Бүгін, 10:35
Қостанайда ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Депутат: Қазақстанның ақшасына неліктен шетелдік корпорацияны қаржыландырып отырмыз?
Қоғам • Бүгін, 10:23
Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды
Қоғам • Бүгін, 10:15
Ақсайда келешек мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:04
Солтүстік Корея алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
Әлем • Бүгін, 09:57
Қазақстанда қолма-қол ақшамен есептесетіндер үлесі күрт өсті
Қаржы • Бүгін, 09:53