18 Тамыз, 2016

Оңтүстік Корея мобильді интернетті көп қолданады

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-08-16-internet Британияның Open Signal компаниясы әлемдегі ең жылдам мобильді интернетті көп қолданатын елдерді анықтады. Олардың зерттеулері бойынша, 3G және 4G мобильді ғаламтор желісін Оңтүстік Корея халқы көп қолданады екен. Мұнан кейінгі тізімде Сингапур, Венгрия, Австралия және Дания елдері бар. Ал ондықтар қатарын Норвегия, Нидерланды, Литва, Жапония мен Швеция мемлекеттері түйіндейді. Өкінішке қарай, Қазақстан аталған тізімнің жүздіктер қатарына енбеген. Айта кетейік, бұл зерттеу жұмыстары осы жылдың 1 мамыры мен 23 шілдесі аралығында жүргізілген. Талғат РАЙЫМБЕК Фото: dajiyuan.eu