Биылғы желтоқсанда еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтпек. 25 жыл – бұл, өз кезегінде белгілі бір қорытынды жасауда және стратегиялық мақсатқа қол жеткізу жолдарын салыстыруда – тарихи кезең.
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, біз өркенді экономикаға негізделген заманауи қоғам қалыптастырудамыз. Мемлекет басшысы атап айтқандай, мұндай экономика бәсекелестікке қабілеттілік, инвестициялық тартымдылық, кәсіпкерлерді қолдау қағидатында құрылуы тиіс. Сонда ғана ол ішкі және сыртқы ықпалдарға қарсы тұра алады.
Осы жолда, тәуелсіз мемлекет мәртебесінде Қазақстанның алғашқы қалыптасу жылдарында құрылған фискальдық қызметтер экономикалық саясатты сәтті жүзеге асырудың кепілі болуда.
Президенттің Жарлығымен 1991 жылғы 9 шілдеде Қазақ КСР Мемлекеттік салық қызметі, ал 1991 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Кеден комитеті құрылды. 1994 жылғы 6 маусымда Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық қызметі құрамында Салық саясаты басқармасы құрылды.
Осы жылдар бойы фискальдық органдар үшін елдің экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету және кірістерді тиімді әкімшілендіру бұлжымас мақсат болып қалуда. Алайда, уақыт талабына жауап бере отырып, өткен жылдар ішінде барлық қызметтердің мәртебелері мен құрылымдары бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бес институттық реформаны іске асыру мақсатында, бүгінде мемлекеттік басқаруды құру корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғамға бағыныстылық қағидаттарына негізделеді.
Бұрын үнемі кезекте тұру және кабинет жағалау солай болуы тиіс ретінде қабылданса, бүгінде электронды сервисті енгізгеннен кейін бұрынғыға қарағанда ыңғайлы болуда. Бизнестің өсуі үшін заманауи үрдіс тек мемлекеттік қызметті сапалы және тез көрсетуді ғана емес, сонымен қатар мейлінше аз араласуды да талап етеді.
25 жыл ішінде фискальдық органдар әкімшілік (мемлекеттік) бақылау мен еркін кәсіпкерлік деңгейі арасында тепе-теңдік сақтап келеді.
Салалық бақылау практикасы әкімшілік араласушылықтың төмендеу процесіне тежеу жасады. Осы мақсатта, сондай-ақ, салықтық және кедендік әкімшілендіруде бірқатар мәселелерді шешу үшін тиісті интеграциялық іс-шараларды жүргізу және Қаржы министрлігі жүйесіндегі екі фискальдық органның құрылымын түбегейлі өзгерту талап етілді.
Үкіметтің «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитетін біріктіру жолымен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып қайта ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы Жарлығымен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) қысқартылды және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл функциялары Қаржы министрлігіне берілді.
Үш қызметті бір мемлекеттік органға біріктіру Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында салықтық ырықтандыру және кедендік әкімшілендіруді жүйелендіру жөніндегі міндет ретінде көрсетілді. Бұл бизнес үшін кедергілерді төмендетуде және кірістерді әкімшілендіруді сапалы жақсартуда жаңа кешенді тәсілдер жолындағы бастапқы нүкте болды. Қойылған мақсаттар мен міндеттердің ішінен комитет өзінің даму бағытында клиентке бағдарлануды және салық төлеу қарапайым және ыңғайлы болатын жағдайлар құруды таңдады.
Нәтижесінде, бірінші кезекте салықтық тексерулерді қысқарту және мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Екінші міндет уақыт талабына сай бүгінгі күнде іске асырылып отырған автоматтандыру ісі болып табылады. «Қызметті барынша автоматтандыру процестерді тездетуге және шығындарды қысқартуға әкеледі, бұл нәтижесінде, жалпы қызмет сапасына оң әсер етеді», деп атап көрсеткен болатын Елбасы.
Комитеттің ресми порталында анықтамалық ақпараттарды алу үшін жеке жұмыс кеңістіктері құрылған. Сервис пайдаланушыларының сұрауы арқылы, яғни сауалнама әдісімен (онлайн-тест) қызықтырған сұрақтарға жауаптар қалыптастырады. Осылайша, жиі қойылатын сұрақтар мен оларға берілетін жауап нұсқалары комитеттің өзіне аса ыңғайлы қызметтерді әзірлеудің негіздемесіне айналды.
Клиенттердің қанағаттану деңгейі қабылданып жатқан шаралар тиімділігінің басты индикаторы болып табылады, комитеттің стратегиялық көрсеткіштерін қалыптастырды. Біз бизнеске кедергі келтіретін міндеттемелер мен сервистерді жоюға және қайта қарауға әркез дайынбыз.
Мысалы, дербес кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуге қойғаны үшін төлем қазірдің өзінде алынып тасталды. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою рәсімі қайта қаралды, ҚҚС-тың куәлік бланкі электронды форматқа ауысты. Бұдан басқа, комитет салықтар мен бюджетке төленетiн міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманы міндетті ұсыну жөніндегі талапты жойды.
Жақын арада комитет көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аумақтық байланыстылығынан бас тартпақ, мысалы, Ақмола облысының тұрғыны қызметті (есепті тапсыру, өтініш беру) Қостанай облысында да ала алатын болады.
Кедендік ресімдеу кезінде Қазынашылық комитеттің жеке шотқа ақшаның түсуін міндетті растауы алынып тасталған. Мұндай рәсім 1,5-2 күнді алады және бизнеске теріс әсер етеді. Көп ұзамай екінші деңгейдегі банктермен тікелей өзара іс-қимылдар енгізіледі және ақпарат онлайн режімінде бірнеше минуттың ішінде салық төлеушілердің жеке шотына жіберілетін болады.
Бүгінгі күнде салықтық және кедендік әкімшілендірудегі, көлеңкелі экономикаға қарсы күрестегі процестер бір буынға біріктірілді. Барлығы комитеттегі жұмыста 451 бизнес-процесс бар, оның әрқайсысы міндетті реинжинирингке жатады. Мысалға, тауарлар импорты 898 әрекетті қарастырды, қайта қарау кезінде олар 2,3 есеге қысқарды және бүгін барлығы 394 операция бар.
Кедендік әкімшілендіру саласына Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында ұсынған реформалар жаһандық автоматтандырудың драйвері ретінде көрініс тапты.
Электронды кедендік декларациялауды енгізу – комитет іске асыратын «Экспорттық және импорттық кедендік рәсімдерден өту кезінде «бір терезе» қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту» деген 38-қадамның құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.
Аталған қадамды іске асыру шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті БҰҰ Сауда және даму конференциясымен бірлесіп ASYCUDA жүйесінің базасында «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін іске қосуда. Осы жүйе әлемнің 95 елінде Ұлыбританияда (Гибралтар), Франция, Нидерланды, Грузия, Молдова, Украина (Одесса), Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада енгізілген. Ол ДСҰ, ДКедҰ, ЕО нормалары мен стандарттарына толық сәйкес келеді және Дүниежүзілік банктің, оның ішінде Doing Business рейтингі бойынша оң бағаға ие.
Аталған ақпараттық жүйе қашықтықтан Е-декларациялау мүмкіндігін ұсынады. Мысалы, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушы АҚШ-тан тауар әкеле жатса, онда ол кедендік декларацияны алдын ала жөнелте алады. Декларация уақытынан бұрын комитеттің серверіне түседі. Тиісінше, комитеттің ақпараттық жүйелері жүк келгенге дейін тағы да бір рет тәуекелдердің бар-жоғына талдау жүргізеді. Тауар шекараға келген кезде, оның кідіріссіз өту мүмкіндігі бар. Егер жүйе сәйкес келмеушілік туралы хабарлайтын болса, мұндай жүкке кедендік бақылау формалары қолданылатын болады.
Жүйені қанатқақты түрде сынау 2016 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында орналасқан жаңа Кедендік ресімдеу орталығының базасында басталды. Мемлекеттік кірістер комитеті үшін жүйе барлық бақылау процестерін орталықтандыруға, транзиттік операциялардың мониторингін және бақылауын жүзеге асыруға, кеден қоймаларын бақылау, квотаның орындалуын және акцизделетін тауарлардың қозғалысын бақылау сияқты көптеген бақылау функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін аталған жүйені енгізу уақыт шығындары сияқты, ақша шығындарын да елеулі қысқартуға мүмкіндік береді. СЭҚ қатысушысы өз бетімен, брокердің көмегінсіз тауарларға арналған декларацияны толтырады және бере алады.
Комитет қолға алған барлық бастамалар әкімшілік кедергілерді азайтуға, және оның нәтижесінде бизнес үшін (уақыт/ақша) шығындарды қысқартуға, сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға қарсы күресте тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Комитет 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджет түсімдері жоспарын 121,2%-ға орындады. Төлеу еріктілігінің коэффициенті 97% құрады, яғни кірістердің 97%-ы өндірусіз және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданусыз келіп түсті.
Қорыта келе айтарым, Мемлекет басшысының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын орындау мемлекеттік басқару мен қоғамның кооперациясын күшейтуге жағдай жасайды.
Дәулет ЕРҒОЖИН,
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы