Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024

Exit poll: Халықтың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда өткен АЭС құрылысына қатысты референдум бойынша алғашқы exit poll нәтижесі жарияланды. Қазақстан азаматтарының 69,8%-ы АЭС құрылысын қолдап, «иә» деген жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Exit poll: Халықтың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Коллаж: Ulysmedia.kz

«Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қоры «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша 2024 жылғы 6 қазанда өткен АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру күні exit poll (референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама) өткізді.

«Үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен Қазақстанның 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды. Олардын референдум аясында қойылған «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қалай жауап бергені сұралды. Бұл ретте, exit poll нәтижесінде АЭС құрылысын қолдап, «иә» деп дауыс бергендер саны сауалнамаға қатысқан адамдардың 69,8 пайызын құрады. Сауалнамаға қатысқандардың 30,2 пайызы келісімін бермеген. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3 пайыз деңгейінде болды», деді «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Әлібек Тәжібаев.