Бүгінде БҰҰ Даму бағдарламасы атты ұйым Қазақстанды аймақтағы донор-мемлекет ретінде мойындап, өз жобасын бірлесіп атқаруды ұсынып отыр.
Аталған жоба әзірше қанатқақты негізде қолға алынды. Оған сәйкес, Қазақстанның гендерлік саясаты, яғни әйел теңдігі саласындағы тәжірибесін Ауғанстан жерінде тарату жоспарланған. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін ауған әйелдерінің экономикалық дербестігін арттыру қажет. Шыны керек, кез келген адам ондай бастаманың саяси астарын іздей бастайды.
Алайда, ауған жерінде әйелдер ісі жөніндегі министрліктің бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Бұл мемлекет те гендерлік саясатты белсенді түрде жүргізіп келеді. Өйткені, елдің жұмысына әйелдер көптеп араласса, бейбітшілік пен татулыққа деген ынта-жігердің күшейетінін жақсы біледі. «Бізде 40 жылдан бері соғыстар толастамай жатыр. Ал әйел қашанда бейбітшіліктің жаршысы болған. Әйел – ана, оны құрметтеу керек, үкімет жұмысына қатыстыру қажет. Бүгінгі таңда бізде бизнеспен айналысатын әйелдер көп. Депутаттардың үштен бір бөлігі – әйелдер. Министр де бар. Осы жұмысты күшейтіп, Ауғанстанда бейбіт өмір орнату қажет. Сондықтан біз Қазақстанның барлық бастамаларын қолдаймыз. Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Себебі, қиын-қыстау уақытта көмекті аяған жоқсыздар. Төтенше жағдайда да гуманитарлық көмек жасадыңыздар. Ауған халқы оны ешқашан ұмытпайды», – дейді Ауғанстанның Қазақстандағы елшісі Мохаммад Фарук Бараки.
Негізі, беделді халықаралық ұйымдарға мүше болғаннан кейін мемлекетке жүктелген міндетті орындау қажеттігін де ескеру керек. Келесі жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болады. Оның да арқалар жүгі жеңіл емес. Еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстан тұрақты даму міндеттемелері бойынша біраз шаруа атқарды. Алдағы уақытта арнайы агенттік құрылып, соның аясында басқа да донор-мемлекеттермен байланыс орнатып, көмекке зәру елдерге қолдау жасау жоспарланған. Осы жолғы жоба Жапониямен бірлесіп қолға алынып отыр.
«Ол жайында өткен жылы Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэның Қазақстанға жасаған сапары кезінде айтылды. Бүгінде біз соны қолға алып отырмыз. Қаржы жағын «Жапония – БҰҰ Даму бағдарламасы» әріптестік негізде қамтамасыз етсе, Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісіп, адам ресурстарын тартуға даяр. Ауған әйелдері осы жобадан өз пайдасын шығара алады деп сенеміз», – дейді Е.Ыдырысов. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан осы уақытқа дейін Ауғанстанның инфрақұрылымы мен әлеуметтік жобаларын дамытуға 40 млн доллар жұмсаған. Бұдан бөлек, арнайы білім беру бағдарламасына 50 млн доллар бөлінді. Сол ақшаға ауған жастарын оқыту жұмыстары атқарылды. Бүгінде алғашқы түлектер оқуды бітіріп, өз елінде еңбек етіп жатыр.
«Біз білеміз, адам әлеуетін өсіре отырып, біз аймақтағы қауіпсіздік пен тыныштықты ұзақ уақыт сақтай аламыз», – деп атап көрсетті министр жаңа жобаға қол қою рәсімі кезінде.
Енді, Қазақстан ауған жерінде гендерлік саясатты дамыту ісіне де өз үлесін қоспақ. Осыған орай, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимас Шимомура арнайы құжатқа қол қойды. Жобаның жалпы құны – жарты миллион доллар. Алайда, оған басқа да мемлекеттер қосылса, ол қаржының арта түсетіні анық. Әзірше, жобаны іске асыру шаралары да анық жазылған жоқ. Сондықтан гендерлік саясаттан бөлек оған басқа да мақсат-міндеттер қосылуы әбден мүмкін.
Осылайша, БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанды аймақтағы донор-мемлекет ретінде мойындап, осы уақытқа дейін жинақталған тәжірибемізді қолдануға мүдделі. Ал ең бастысы, көрші елдер кеңпейіл әрі қамқоршы қазақ деген досына сеніп отыр. Олар біздің «Тыныштық болсын!» деп үнемі тілеп отыратынымызды білетін шығар.
Арман АСҚАРОВ

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40