18 Ақпан, 2011

Өндірісті қаладағы оң істер

559 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Ақсу ферроқорытпа зауыты және Еура­зиялық энергетикалық корпорация атты екі алып кәсіпорны бар өндірісті қала екенін биік мұржаларынан шығып жатқан түтіні­нің бір толаста­май­тыны­нан-ақ  аңғарасыз. Қала­лық әкім­дікке қарасты 28 мыңдай ха­лық тұра­тын үлкенді-кішілі 33 ауылы және бар. Жалпы, өндірісі көп қай қаланың болмасын тұр­ғын­дарын ең әуелі ауаның таза­лы­ғы, қалыпты эко­ло­гия­лық жағдай ойланта­ды. Көпшілік қала тұрғындары осы өндіріс орындарында ең­бек етеді. Ақсулық­тар Ел­басы тапсыр­масы бойынша электр станса­сын­да жүр­гі­зіліп жат­қан қайта құ­рулар мен жаңа заманғы тех­никалық жаб­дық­таулар бо­ла­шақта қала­ның экологиялық тазалығын сақтап қала­тынына сенімді. Қалаға келген беттен-ақ «Жол кар­тасы» бағдарламасының нәтижесі бай­қа­лады, көшелері жөнделіп, біршама өзгеріс енгені көрініп тұр. Кәсіпорын­дар индустриялық-инновациялық даму бағ­дар­ла­масын жүзеге асыруда. Қала әкімі Оразкелді Қайыркелди­нов­пен әңгімеміз осы өндіріс тақырыбынан бастау алды. Қазір 16 инвестициялық жоба  қолға алыныпты. Бұл ретте құны 37 млрд. теңгенің екі жобасы Еуразиялық  энерге­тика­лық корпорация­ның, 24 млрд. теңгенің 13 жобасы Ақсу фер­роқорытпа зауытының, ал бір жоба шағын  және орта бизнес бойынша жылына 200,0 миллион теңгенің полиэтилен құбыр­ларын өндіретін “ДАНиЕР” өндірістік сауда-құры­лыс фирмасы үлесінде екен. Осы жобалар­дың арқасында 369 жаңа жұ­мыс орны ашыл­ған. Биыл  ферро­қорытпа зауы­тын­да жылына 350 мың тонна агломерат ш­ы­ға­ратын нысан пайда­лануға берілді. Шлакты қайта өңдеу цехы іске қосылды. Сон­дай-ақ № 14, № 26-пештер күр­делі жөндеуден өтті. “Еуразиялық энергетика­лық корпорацияда циклді аршу кешені және 10 миллион текше метрлік қуатпен көмір түсіру бағыты іске қосылды. Стансада №2 энер­гоблокты қал­пы­на келтіру жұ­мысы жүріп жатыр. Бұл стан­саның жалпы қуатын ұл­ғайтуға мүмкін­дік береді. Тұрғын үй құ­ры­­лысы бағдар­ламасын іске асыру мақсатын­да ферро­қо­рытпа зауыты­мен қала­ның 4-ша­­ғын ауданында 60 пәтерлі екінші тұрғын үй пайда­лануға берілді. Кәсіп­орын­дар бала­лардың жазғы демалы­сын ұйым­дас­тыруға қолұшын беруде. “Ақ­су – біздің ортақ үйіміз”  қоғам­дық бірлестігінің қар­жылай көме­гімен жағажайда балалар қалашығы мен жа­санды жабындысы бар спорт алаңы іске қо­сылды. Сөзіміздің басында айтқаны­мыз­дай, қа­ла ауылдармен де бай. Яғни, 160-тан аса шаруа қожа­лы­ғы, сүт пен ет дайындайтын 31 орын, ауыл­шаруашылық өнім­дерін қай­та өң­дей­тін 21 нысан бар. Өткен жылы ауылшаруа­шы­лық өнімін өндіру кө­лемі 7,8 млрд. теңгені құрады. 2010 жылы 27 мың тонна сүт, 6 мың тонна ет,  42 миллион дана жұмыртқа,  59 тонна шұжық өнімі, 370 тонна нан өнімдері шығарылыпты. Өнім­ді қыс мезгілінде сату үшін 8400 тонна картоп пен көкөніс қоймаға салын­ды. Қалада “Ауыл” коммуналдық базары жұмыс жа­сай­ды. Ауыл­дық­тар 82 рет облыс­тық, 6 рет қалалық жәрмеңке­лер­ге қатысып, 133 миллион теңгенің өнімдерін сатып қай­тып­­ты. Со­ны­мен қатар, ауылшаруа­шылық тауар­ларын өндірушілер  қара­­жа­ты есебінен жалпы сыйым­ды­лы­ғы 9500 тонна 3 көкөніс қоймасы пайдалануға берілген. «Жол картасы» бағдарламасы ая­сында бірқатар жолдар жөндел­г­ен. Елді мекендерді көріктендіру жұмы­сы­нда 40,3 миллион теңге игерілген. Бүгінде 13 ауыл­да ха­лық­ты сумен жаб­дықтайтын кешенді блок-мо­дуль­дер орнатыл­ған. Ал 8 ауыл­да  су құбыры бар. Қазіргі уақытта 844 балаға ар­нал­ған 22 шағын орта­лық және бала­бақ­шаларда қосымша 350 орын ашылды. Қалада “Балапан” мемлекеттік бағдарлама­сы бо­йынша 330 орынға арналған бала­бақ­ша құ­рылысы басталды. Өткен жылы Төртқұдық ауылында бас­тауыш мек­­­теп пайдалануға берілді. Ауыл­­дықтарды дәрі-дәрмекпен қам­тама­сыз ету үшін  дәрігерлік амбулаторияларда және медициналық қыз­мет көрсету пункттерінде 3 жылжымалы және 11 стацио­нар­лық дәріханалық пункттер ұйым­дастырылды. Соны­мен қатар, об­лыс әкімі Бақытжан Сағын­таев­тың бас­та­масы­мен қолға алынған «Жайлау» бағдар­ламасы арқылы ауылдықтар 100 бастан қой алып,  бағып-қағуда.  Бүгінгі күні ауылда 1662 ірі қара мал, 2181 қой, 191 жылқы бар. Бұл күнде Ақсудың ауылдарында 1186 оралман от­ба­сы тұрады. Тұрмысы тө­мен оралмандар  отбасыларындағы 30 бала қа­ла әкімі­нің гранты бойын­ша жоғары оқу орын­да­рын­да оқып жүр. Жеке кәсіп­кер­лікпен айна­лысатын ағайындар да бар. Қаладағы су, жылу желілері бо­йын­дағы кемшіліктер реттелді. Бұл үшін респуб­ликалық және об­лыс­­ты­қ бюджеттен бөгет құры­лы­сына және желілерді ауыс­тыруға, кәріздер кол­лекторын қайта жаңа­р­т­у­ға 600,0 миллион теңгеден аса қар­жы бөлініпті. Талай жыл­дардан бері іске қос­ылмай тұрған көп қа­батты үйлердегі 26  лифт толығымен қал­пына келтірілуі де өз­герістерді көрсетеді. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.