Қоғам • 05 Тамыз, 2024

Атырау облысында ірі компанияға 13,6 млрд теңге айыппұл салынды

5187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында мұнай компаниясына 13 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

Атырау облысында ірі компанияға 13,6 млрд теңге айыппұл салынды

Фото: ult.kz

«Каспий мұнай» АҚ кен орнын бұрғылау және пайдалану нәтижесінде 2021-2022 жылдары пайда болған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін алмағаны анықталды.

«Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесінде Атырау облыстық сотының сот алқасының 2 шілдедегі қаулысымен «Каспий мұнай» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328 - бабы бойынша 13 684 868 730 теңге көлемінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Нәтижесінде бюджетке әкімшілік айыппұл өндірілді, мемлекеттің ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды.

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше