Қазақстанмен достық ынтымағы жарасқан, мәдени, рухани байланысы нығайған көрші елдердің бірі – Ресей. Бірыңғай экономикалық одақ кеңістігі түзілгелі Қызылжар өңірінің де шекаралас аймақтармен қарым-қатынасының жандана түскенін аңғару қиын емес. Жуырда аймақ басшысы Ерік Сұлтанов басқарған арнайы делегация ауылы аралас, қойы қоралас Қорған облысында болып, екіжақты меморандумдарға қол қойды. Бірқатар пайдалы келісімдерге қол жеткізді.
Осында солтүстікқазақстандықтардың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қорғандықтар «Солтүстік Қазақстанда жасалған» белгісі бар өнімдерге ерекше қызығушылық танытты. Сауда орындарына Петропавл қаласы мен аудандардан 12 тоннадан астам өнім түрлері қойылып, ілезде сатылып кетті. Олардың арасында ет, сүт, жұмыртқа, ұн, бал, шұжық, макарон, жарма, кондитерлік өнімдер үлкен сұранысқа ие болды. Губернатор Алексей Кокоринмен кездесуде Ерік Хамзаұлы Елбасының сыртқы әлеуметтік-экономикалық оң үрдістерді қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы саясатына екпін түсіріп, өңірде өндірілген тауарлар мен өнімдерді алыс-жақын нарыққа шығару шекаралас ынтымақтастықты тереңдетуді көздейтінін, еркін бәсекелестіктің басты өлшемі болып табылатын сапа мәселесі үнемі назарда ұсталынатынын, шекаралас аймақтардағы сауда-саттық айналымы жыл басынан бері 31 миллиард теңгені құрап отырғанын жеткізді. Губернатор өз сөзінде бірлескен кәсіпорындар құруға дайын екендіктерін, оған екі тараптың тәжірибесі де, әлеуеттік мүмкіндігі де жететінін атап өтті.
«Араласпаса, ағайын да жат». Осындай кездесу-жүздесулердің пайдалы, тағылымды үлгілерін «Курганстальмост» жабық акционерлік қоғамының тыныс-тіршілігінен анық аңғаруға болады. Еуропа елдеріне тіреуіш металл құрылғыларын жеткізетін бірегей кәсіпорын Қазақстан нарығында да танымал. Оның өндірістік цехтарында 2 мың адам жұмыс істейді. «Бауэр» атты еншілес компаниясы газ-мұнай, құрылыс салаларына құрал-жабдықтар шығаруға маманданған. Илизаров атындағы «Травматологиялық қайта қалпына келтіру және ортопедия» Ресей ғылыми орталығы десе, елең етпейтін жан кемде-кем шығар. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, атақты академиктің шарапатын алғандар Қазақстанда да жетіп артылады. Жыл басынан бері осында 150 отандасымыз емделіп шықса, қазір 13 науқас шипа қабылдауда. Жылына 10 мыңға жуық адам қаралады екен. Биыл «академик Илизаров жылы» ретінде жарияланып, марқұмның 95 жылдығын кең көлемде атап өту белгіленген.
Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де барлық күш-жігер, алғы мақсат сапа көрсеткішіне бағдарланғанын іспен дәлелдей білді. Мәселен, жәрмеңкеге Қызылжар ауданына қарасты «Алекри» ЖШС-нің жан-жақты дайындықпен келгені байқалды. Фирманың атқарушы директоры Людмила Мухамедованың айтуынша, жылына 120 миллион жұмыртқа ішкі-сыртқы нарыққа жөнелтіледі. Барлық қондырғылар автоматты жүйеге көшірілген. Жыл аяғына дейін тауықтардың санын бір миллионға дейін жеткізу көзделген. «Зенченко және К» командиттік серіктестігі шекаралас облыс тұрғындарын 2,5 тонна экологиялық таза әрі табиғи сүт өнімдерімен аптасына үш рет қамтамасыз етіп отыр. Өз өнімдерін Мәскеуге дейін жеткізетін «Викос» ЖШС қорғандық «Магнит», «Метрополис» секілді сауда жүйелерімен тығыз әріптестік орнатқан.
Солтүстікқазақстандық делегацияның жұмыс сапары 16 меморандумға қол қою рәсімімен қорытындыланды. Сондай-ақ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым, туризм және спорт, денсаулық сақтау салаларында өзара іс-қимыл бойынша «Жол картасына» ерекше басымдық берілді.
Қорған облысында 15 мыңға жуық қандасымыз тұратынын ескерсек, шек-аралас аймақтарда достық тамырының терең түсіністік дәрежеде орнығуының маңызы зор.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы
Суреттерді түсірген
Талғат ТЫНЫБАЕВ

Әлем чемпионаты: Бүгін кімдер ойнайды?
Спорт • Бүгін, 19:15
Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04