25 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №515

302 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін
2016 жылғы 14 маусым, Астана қаласы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде  қоныс аудару тәртібі туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармақшаларына сәйкес бұйырамын: 1. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың еркіті түрде қоныс аудару тәртібі туралы қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б.Нұрымбетовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ____________Б. Сұлтанов 2016 жылғы «___»________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _____________ М.Құсайынов 2016 жылғы «___»________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №515 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары 1-бөлім. Жалпы ережелер 1. Осы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін айқындайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия; 2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім; 3) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 4) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыс іздеген, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары; 5) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым); 6) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық; 7) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар; 8) көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; 9) қоныс аударушы – «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықтың көші-қоны туралы» Заң) 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы; 10) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 1-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны; 11) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңіне Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй; 12) қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға беру) – қызметтік тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша пайдалануға және ақысын төлетіп пайдалануға беру; 13) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны; 14) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар; 15) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы орган; 16) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия; 17) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме); 18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi; 19) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 20) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме; 21) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары; 22) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуімен және жоғары демографиялық әлеуетімен (көші-қон сальдосы оң) сипатталатын елді мекен. 2-бөлім. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру тәртібі 1-параграф. Адамдардың ерікті түрде қоныс аударуын мемлекеттік қолдау шаралары 4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 24-бабы 4-тармақшасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде ерікті қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау: 1) жұмыскердің қоныс аударуы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуына, соған байланысты шығыстардың орнын толтыруға субсидиялар беруді; 2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді; 3) жұмыс берушінің қажеттілігі бар болған кезде кәсіптік оқытуды; 4) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды. 5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты жерге: 1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына; 2) «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі. 6. Қоныс аудару: 1) бір ауданның ішінде; 2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға); 3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады. 7. Жаңа тұрғылықты жерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы: 1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына; 2) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға; 3) «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушыларға қатысты жүзеге асырылады. 8. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін мынадай санаттағы: 1) жұмыс іздеген адамдардың; 2) жұмыссыздардың; 3) өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың; 4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастардың және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі. 9. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 24-бабы 3-тармағына сәйкес жұмысқа орналасу үшін жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар арасында жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін: 1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері; 2) «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын оралмандар; 3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері; 4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басымдық пайдаланады. 10. Бағдарламаға қатысушылардың көшуі жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме берумен, сондай-ақ жұмыскердің қоныс аударуы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, қоныс аударуға, соған байланысты шығыстардың орнын толтыруға субсидиялар төлеумен өз бетінше жүзеге асырылады. 11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының 5-бөлімінің 4-кіші бөліміне сәйкес Облыстардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлеріне сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді айқындайды және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолдайды. 2-параграф. Қоныс аударуға қажеттілікті айқындау тәртібі, қоныс аударуға қатысуға үміткерлерді іріктеу тәртібі мен әлеуметтік келісімшарт жасасу 12. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге, сондай-ақ жұмыс берушілерге жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу тәртібі туралы және үміткерлерді іріктеу шарттары туралы консультация береді. 13. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарына: 1) мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшінің санын көрсете отырып; 2) Бағдарламаға қатысушылар үшін жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруымен тұрғын үй салу мүмкіндігі туралы; 3) Бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмыс орындарын ұсына отырып, жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы өтінім не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру туралы жазбаша міндеттеме береді (еркін нысанда). 14. Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына қажетті еңбек ресурстарын қоныстандыру үшін тұрғын үй салуға қажеттілігі бар жұмыс берушілердің тізілімін жүргізеді. 15. Келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары ай сайын: 1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендердегі және экономикалық өсу орталықтарындағы жұмыс берушілердің өтінімдерін ескере отырып, олардың еңбек ресурстарына қажеттілігін; 2) жұмыс берушілердің жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін; 3) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың белгіленген квотасы шеңберінде қоныс аударуға қажеттілікті айқындайды. 16. Шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары ай сайын: 1) жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын жұмыс іздеген адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз халық санын; 2) көшуге қатысу мүмкіндігі бар алатын балалар ауылы тәрбиеленушiлерiнің және балалар үйлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттар түлектерінің, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың, оралмандардың жалпы санын; 3) «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударуға әлеуетті түрде қатысу мүмкіндігі бар оралмандар мен қоныс аударушылардың санын айқындайды. 17. Халықты жұмыспен қамту орталықтары аудандық (қалалық) комиссиялармен келіскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде әлеуетті Бағдарлмаға қатысушылардың саны және еңбек ресурстарына қажеттілік туралы ақпаратты облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына жолдайды. 18. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы әлеуетті Бағдарламаға қатысушылардың саны және еңбек ресурстарына қажеттілік туралы ақпарат түскен күнен бастап бес жұмыс күні ішінде оның негізінде: 1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына, оның ішінде облыстан тыс жерге көшуге қатысу мүмкіндігі бар жұмыс іздеген адамдардың, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз халықтың жалпы санын; 2) «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге көшуге қатысу мүмкіндігі бар қоныс аударушылар мен оралмандардың жалпы санын; 3) көшуге қатысу мүмкіндігі бар балалар ауылы тәрбиеленушiлерiнің және балалар үйлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттар түлектерінің, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың, оралмандардың жалпы санын; 4) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарындағы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына жалпы қажеттілігін, олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін қалыптастырады. Осы тармақтың 1), 2), 3) 4) тармақшаларында көрсетілген жиынтық ақпарат облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының интернет ресурсында үш жұмыс күні ішінде орналастырылады. 19. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру жөніндегі жиынтық ақпаратты қалыптастырғаннан кейін үш жұмыс күні шінде әлеуетті Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны, еңбек ресурстарына қажеттілік пен азаматтардың көшу мүмкіндігі туралы жиынтық ақпаратты өңірлік комиссияға жібереді. 20. Өңірлік комиссия: 1) жиынтық ақпарат түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде шығу және қабылдау орындарын айқындай отырып, берілетін тұрғын үйлердің жалпы санына байланысты облыстың (ауданның, қаланың) шегінде, басқа облысқа көшетін азаматтардың ықтимал санын келіседі және көшуді ұйымдастыру үшін облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсыным жібереді; 2) Бағдарламаға қатысушылардың көшуін, қоныстануын ұйымдастыру мәселелерін қарайды. 21. Көшу үшін Бағдарламаға қатысушылардың саны жастарға арналған қызметтік тұрғын үй және жатахана құрылысына, оларды сатып алуға арналған қаражаттардың жалпы көлеміне (жұмыс берушілердің тарапынан қоса қаржыландыруды ескергенде), сондай-ақ тиісті қаржы жылына мемлекет есебінен көшуді субсидиялауға байланысты айқындалады. 22. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер шығу жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. 23. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын, оралманның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері; 2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11174 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі №332 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мекенжай анықтамасын (бұдан әрі – мекенжай анықтамасы); 3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11507 болып тіркелген «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №319 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініш берішінің отбасының құрамы туралы мәліметтер; 4) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); 5) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік) көшірмесі (бар болса); 6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13334 болып тіркелген «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру) не одан бас тарту туралы комиссия шешімінің көшірмесі және уәкілетті органның шешімі. 24. Шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күні ішінде басқа облысқа, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет білдірген адамдардың Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы өтініштері мен құжаттарын – облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына, аудан ішінде – аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді. 25. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы басқа облысқа, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет білдіргендердің өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды өңірлік комиссияның қарауына жібереді. 26. Бағдарламаға қатысуға өтініш беруші адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша бес жұмыс күні ішінде: 1) аудандық (қалалық) комиссиялар бір ауданның ішінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді. Аудандық комиссияның ұсынымдары халықты жұмыспен қамту орталығына жіберіледі; 2) өңірлік комиссиялар: бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға); басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді. Өңірлік комиссия бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) көшу үшін әзірленген ұсынымдарды тиісті халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Басқа облысқа көшетіндер үшін әзірленген ұсынымдар облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына жіберіледі. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселері жөніндегі жергілікті органы ұсыным келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өңірлік комиссияның басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынымын шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың келіп түсуіне қарай өткізіледі. 27. Ерікті түрде қоныс аударуға қатысу үшін адамдар мынадай критерийлерге сәйкес келуі: 1) жұмыс іздеген адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз халықтың санатына жатуы; 2) жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмыс берушілер мәлімдеген дерекқорда бар бос жұмыс орындарына сәйкес келетін кәсіптік білімі не тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру туралы жұмыс берушінің жазбаша міндеттемесінің (еркін нысанда) болуы; 3) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде кемінде бір жыл тұрақты тұруы керек (мекенжай анықтамасымен расталады). 28. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген критерийлер балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар болып табылатын Бағдарламаның осы бағытына қатысушыларға қолданылмайды. Осы Қағидалардың 27-тармағы 3) тармақшасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға көшетін үміткерлерге қолданылмайды. Тұрғын үйде, қызметтік тұрғын үйде (жатақханадағы бөлмеде) тұратын отбасы коммуналдық қызметтерді, жалға алу ақысын төлеуді қамтамасыз етеді. 29. Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік не аудандық (қалалық) комиссияның ұсынымын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы шешім (еркін нысанда) қабылдайды. Бағдарламаға қатысуға үміткер осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайларда, Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізуден бас тарту туралы теріс шешім қабылданады. 30. Шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді. 31. Азаматтарды Бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізу туралы шешімнің және көшу шарттарын келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келісу негізінде шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қоныс аударуға жолдама береді. 32. Келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы қоныс аударуға берген жолдаманың негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 26) тармақшасына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасасады. «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген қоныс аударушымен және оралманмен жеке әлеуметтік келісімшарт жасалады. 3-бөлім. Көшуге субсидия беру және тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (жатқхана бөлмелеріне) қоныстану тәртібі, кәсіптік оқытуға жолдама беру 33. Көшуге субсидия тағайындау және қызметтік тұрғын үй немесе қызметтік тұрғын үй (жатақханадан бөлме) беру үшін Бағдарламаға қатысушы келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге субсидия тағайындауға және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (жатқханадан бөлме) беруге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. 34. Өтінішке Бағдарламаға қатысушы мен оның көшіп келген отбасы мүшелерінің мынадай құжаттары қоса беріледі: 1) шыққан жерінен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қоныс аударуға жолдамасы; 2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №131 бұйрығы мен бекітілген нысан бойынша Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне келген жері бойынша жылжымайтын мүлкі жоқ (бар) екені туралы анықтама; 4) жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты (бар болса). 35. Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидия және соған байланысты шығыстарға өтемақылар: 1) бір ауданның ішінде қоныс аударушыларға – отағасына он еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға қоныс аударушыларға – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 3) бір облыстан басқа облысқа көшетіндерге, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушыларға отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткіш, отбасының әрбір мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. 36. Жұмыс берушілердің қажеттіліктері шеңберінде келген Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге субсидиялар, соған байланысты шығыстар тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй не жатақханадан бөлме жалдау (қосымша жалдау) туралы жасалған шарттың негізінде не тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешкен кезде келген жері бойынша тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасының негізінде өтеледі. «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушыларға көшуге субсидиялар, соған байланысты шығыстар олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін өтеледі. Бір елді мекен шегінде көшетін Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидиялар, сонымен байланысты шығындарға өтемақылар төленбейді. 37. Келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген барлық құжаттар бар болған кезде бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің қажеттілігі шеңберінде келген Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханадан бөлме жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасқан күннен бастап немесе тұрғын үй мәселесін шешкен кезде келген жері бойынша мекенжай анықтамасының негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшуге субсидия тағайындау туралы бұйрық шығарады; 38. Көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешімде Бағдарламаға қатысушының отбасы құрамы, оларға берілетін тиісті төлемдердің мөлшері және ол көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашқан жеке шотының нөмірі көрсетіледі. 39. Халықты жұмыспен қамту орталығы көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешім шығарғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға тиісті төлемдерді аударады. 40. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бірге) келген жерінен кеткен жағдайда, кеткен күннен бастап алты айдың ішінде көшуге берілетін субсидияның алынған сомасы республикалық бюджетке өтеледі. «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар бес жыл ішінде өз еркі бойынша қоныстанған өңірден тыс өңірге өз бетінше көшкен жағдайда (не оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқанда) Бағдарламаға қатысушылардың құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекеттік шығыстардың сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен республикалық бюджетке қайтарады. Әскери қызметке шақырылған, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін ауруларды, жұмыс берушінің өтінімі бойынша басқа жерге оқуға жіберілген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі келген жерінен кеткен жағдайда, кеткен отбасы мүшесі алған көшуге берілетін субсидия сомасын бюджетке қайтарады. 41. Жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда мемлекеттің оқытуға және (немесе) көшуді субсидиялауға жұмсаған шығыстарын өтейді. 42. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғын үйі не коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануында тұрғын үйі бар болған жағдайда, жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй не жатақханадан бөлме берілмейді. 43. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме берiледi. Жатақханадан бөлмелер жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (соның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында тұрғанына қарамастан жүзеге асырылады. Осы Қағидалардың 43-тармағының 2-бөлігінде көрсетілген адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады. 44. Жастар, оның ішінде некеде тұрғандар үшін жатақханалардан бөлмелер мынадай: 1) жасы жиырма тоғызға дейін болуы; 2) қолданыстағы еңбек шартының немесе әлеуметтік келісімшарттың болуы; 3) тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысуы шарттарымен беріледі. Жастарға арналған жатақханадағы бөлмелер бес жылға дейінгі мерзімге беріледі және жекешелендіруге жатпайды. 45. Жастарға арналған жатақханадағы бөлме, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй халықты жұмыспен қамту орталығының тұрғын үй комиссиясы қабылдаған тұрғын үй беру туралы шешімнің және халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жасалған тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді және жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) туралы шарттың негізінде беріледі. 46. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшесінің екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты болмаған жағдайда, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) шарты мен онымен жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылады. 47. Тұрғын үй комиссиясының шешімі екі данада жасалады (еркін нысанда), оның біреуі халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, ал екіншісі өтініш берушіге беріледі. 48. Бағдарламаға қатысушы мен келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы арасында «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 қаулысымен бекітілген нысан бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жасалады. Егер шарт жасасу туралы ұсыныс жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушы жалдау (қосымша жалдау) шартына қол қоймаса, халықты жұмыспен қамту орталығы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді Бағдарламаның басқа қатысушысына қайта бөледі. 49. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын халықты жұмыспен қамту орталығының (келген жерінің) тұрғын үй комиссиясы тиісті шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жасайды. Бағдарламаға қатысушы жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының тарапы болады. Жастарға арналған жатақханадан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) көзделген тәртіппен екі данада жасалады. Жастарға арналған жатақханалардан бөлмені, тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартының бір данасы халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, екіншісі өтініш берушіге беріледі және жастарға а