Үш- төрт жыл қатарынан болған қуаңшылық өңір диқандарының көңілдерін шайлықтырып тастап еді. Алайда, әр көктемге үкілі үміт артатын шаруа қауымы биыл да әлдеқалай болар екен деген күпті көңілмен дән сепкен-ді. Жаңбырлы жаз олардың бойында үміт отын жаққандай болған. Үміт ақталды, көктемде тұқым сепкен алқаптарда жайқалған егін шықты. Қазір оңтүстік аудандарда егін орағы басталып та кетті. Міне, алғашқылардың қатарында алтын дәнді алқапқа орақ салғандардың бірі – «Қобда- Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл аудандағы ірі ауылшаруашылық құрылым болып табылады.
Жалпы, егіншіліктің тәуекел аймағында орналасқан бұл өңірде негізінен мал шаруашылығына басымдық беріледі. Бұл серіктестік сенімді серік етіп жыл сайын егін салып жүр. Егіншілік технологиясын сақтағандықтан болар, қуаңшылық жылдары да жерге қарап қалған емес, аз да болса өнім алып келеді.
– Биыл 1900 гектарға жуық алқапқа егіс салғанбыз. Оның 1673 гектары бидай, қалғаны арпа. Алғашқыда күздік арпаға орақ түсірдік. Одан шамамен гектарынан 15 центнерден өнім алдық. Қазір бидайдың дәні толысып, жайқалып тұр. Бұл алқаптарда гектар түсімділігі осы шамада болады деген үмітіміз бар. Қазір үш тіркемелі «КамАЗ» астық тасымалдауда. Жақында тағы бір комбайн және «КамАЗ» автокөлігін шығаруды көздеп отырмыз. Басты мақсат – ауа райының ашық-тығында егінді толық қамбаға құйып алу, – дейді «Қобда-Жер» ЖШС инженері Жоламан Мокин.
Егіншілердің бір алқаптан екінші алқапқа қоныс аударуына дала қосындағы екі дөңгелекті вагон да тиімді болып тұр. Оның біреуінде егіншілер демалса, екіншісі асхана ретінде пайдаланылады.
– Серіктестіктің өз элеваторы, диірмені және «Ақжол» атты наубайханасы бар. Қазір астықты осы элеваторға құйып жатырмыз. Артығын «Рамазан» ЖШС-на тапсырамыз. Биыл бидайдан қор жасаудың сәті түсіп тұр. Егіншілікпен айналысқанның арқасында өз диірменімізден шыққан ұннан нан пісіріп, оның бір бөлкесі өзімізге қарайтын үш дүкенде небәрі 50 теңгеден сатылуда. Қазір күніне 700-800 бөлке нан пісіріледі. Мұнда 6 адам еңбек етеді, – дейді «Қобда-Жер» ЖШС директорының орынбасары Шынар Ульянова риза көңілмен.
Отыз шақырымға жуық жердегі егін алқаптарынан тасымалданып жатқан астық керуенінде толас жоқ. Серіктестік диқандары ел ырысын жауын-шашынға ұрындырмай тез арада жинап алуға жұмылуда. Олар уақытпен санаспай еңбек етудің үлгісін көрсетуде.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы,
Қобда ауданы

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше