27 Тамыз, 2016

Табыс көзі – түйеқұс

1144 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сайлау -1Қобдалық Сайлау Матаевтың Ресейдің Самара қаласынан афри­калық түйеқұстың балапандарын әкелгенін естіп, күре жол бойындағы қазақтың батыр қызының атын иеленген Әлия ауылына ертелетіп тартып кеттік. Мақсатымыз таңсық істі таңдаған жаңашыл азаматтың қолға алған шаруасын алда қалай жүргізуге бекініп отырғанын білу екені айтпаса да түсінікті. Ауылдағылардың жазда күн көтеріл­­генше көсіліп жата алмайты­ны бел­гілі. Сайлау да ертелетіп, шаруа жайы­мен шапқылап жүр екен. Біз­­ді жылы қарсы алды. Сөз арасында бұ­рын-соңды бұл жақта болып көр­­ме­ген «ұзынтұралар» тұқымын жер­лес­тері күн­де қы­­зық­тап кететінін айтып өтті. Былтырдан бері Самарадағы түйе­құс фермасына бірнеше рет ба­рып, ондағы фермерлерден бұл құс­ты күтіп-баптаудың, өсірудің қыр-сыры­на  қанығыпты. Содан тәуе­к­елге бел бу­ған екен. Оның аула­сында қазір түйе­құстың 20 балапаны бағылуда. Болашақта бұл кәсіпті отбасылық бизнеске айналдыру да ойында бар. «Ауыл шаруашылығын қаржы­лай қолдау қоры» Ақтөбе филиалы арқы­лы мемлекеттен аз пайызбен 1 мил­лион 700 мың теңге көлемінде не­сие алған жігітке бұл қаражат аз­дық етуде. Түйеқұстың әрбір балапа­нын 68 мың теңгеден алған Сайлау субсидия алудан да үмітті. Қазір ол жеке кәсіпкерлік ашу үшін құжаттарын әзірлеп бітті. «Жыл басында түйеқұс шаруашылығымен айналысатын фермерден әрбір балапанды 56 мың теңгеге сатып алатын болып келіскенбіз. Алайда, доллар құнының өсуіне байланысты баға көтеріліп кетті. «Шешінген судан тайынбас» дегендей, ұсынған бағаға келісуге тура келді. Сол себепті несие қаржысына жос­пар­лаған бірқатар шаруаларымды жүзеге асыруға қаражат қолбайлау болып тұр», – дейді ол. Екі айлық түйеқұстар біраз «бой  түзеп» қалыпты. Сайлаудың айтуынша, 1,5 жылда жылына 40 жұмыртқаға дейін береді. Ол осы жұмыртқадан балапан шығару үшін инкубатор сатып алмақшы. Инкубатор Ресейде 600 мың теңге тұрады. Сол үшін тағы да несие алмақ ниетте. Түйеқұс 70 жылға дейін өмір сүреді екен. Әзірге түйеқұстың санын көбейту­ді мақсат етіп отырған Матаев бұл құс­тың пайдасы шаш етектен еке­нін алға тарта әңгімеледі. Өзі өте өсім­тал. Түйеқұстың еті мен жұмырт­қасы жеңсік ас ретінде аса пай­да­лы. Әсіресе онкологиялық, асқа­зан-ішек және басқа аур­у­ларға таптырмайтын ем. Бір жұмырт­қа­сы­ның салмағы 1,5 – 2 килосы тартады, бағасы 8 – 10 мың теңге шамасында. Бір жұ­мырт­қасы он адамды тамақ­тан­дыруға жетеді. Етінің бір килосын 8-10 мың тең­геге өткізуге болатын көрінеді. Терісі, тұя­ғы, тұмсығы да кәдеге асады. С.Матаев ауылдағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ал мынау оның бос уа­қы­тында айналысатын хоббиі іспет­тес. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы