18 Ақпан, 2011

Қоғамдық штаб құрылды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының мәжіліс залында партияның ХІІІ съезі шешімімен ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау брифингі болып өтті. Осыған орай жергілікті ақ­па­рат құралдарының өкілдеріне ар­найы мәлімет берген облыстық партия филиалының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов Орталық сайлау комиссиясынан тіркеуден өткен «Нұр Отан» партиясының көшбасшысын қолдау жөніндегі облыстық штаб құрылғанын жеткізді. Өңірімізден елордадағы съезд жұмысына қатысқан ол басқосу барысында бірқатар мәселе­ле­р­дің көтерілгенін тілге тиек етті. Облысымызда құрылып отырған штаб жұмысына төрағалық ету кезінде басқа қызметтерден уа­қыт­ша босатылғанын да айтты. Облыс деңгейінде жұмыс жа­сайтын штаб төрағасының екі орын­басары бар. Олар – партия фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков пен Қорқыт ата атындағы мем­лекеттік университеттің рек­торы Байзақ Момынбаев. Дәл осындай басқосу өткен дүйсенбіде «Нұр Отан» қалалық филиалы ғимаратында да ұйым­дастырылды. Қоғамдық штаб жұ­мысына қалалық филиалдың бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев жетекшілік етеді. Штаб құ­рамы­на қаладағы ғылым, мәде­ниет, денсаулық сақтау саласы­ның өкілдері, бұрыннан тәжі­ри­бесі мол жандар қамтылды. Штабтың негізгі міндеті – президенттікке кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдау көр­сету, оның сайлауалды тұғыр­на­масын түсін­діру бойынша жан-жақты насихат жұмыстарын жүргізу. Ержан БАЙТІЛЕС.