19 Ақпан, 2011

Бір күндік жалақысын бөлді

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жетімін желеп-жебеген халқымызда бір әдемі дәстүр бар. Сол үлгіні Білім және ғылым министрлігіне қарасты Бурабай бауырындағы респуб­ликалық «Балдәурен»  балалар кешені жалғас­ты­рып келеді. Онда жыл бойы жүздеген ұл мен қыз бірнеше ауысымда дем алады. Қазір Отанымызда 5 миллионнан астам бала бар десек, оның 12 мыңы балалар үйі мен интернаттарда өмір сүріп жатыр. Жақында осы кешенге демалуға келген 286 баланың 161-і балалар үйінің тәрбие­лену­ші­лері екен. Соларды жылы қарсы алған ұжым қыз­меткерлері бір күндік жал­ақыларын бөліп, көңілі жарым ұл-қызды қуантты. Яғни, 400 мың теңгеге қажетті киім-кешектерін, оқу құ­рал­дарын алып әр­қай­сысының қолына ұстат­ты. Олардың қуан­ғаны сондай тіпті, кейбіреулері осы игілікті іске ұйытқы болған, қам­қор­лық та­ныт­қан кешен бас­шысы М.Төлепбаевқа ри­за­лықтарын білдіріп, өнерлерін ортаға салды. Жаңылсын НҰРҒАЛИЕВА, әдіскер.