22 Ақпан, 2011

Дерек пен дәйек

354 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
300 000 000 Талғар ауданындағы «Hyundai Мotor Koмпани» зауытына осыншама АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған Өткен жылы жүзеге асы­рыл­ған индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасының нә­ти­жесінде 152 кәсіпорын іске қосы­лып, 24 мыңға жуық қазақ­стан­дық тұрақты жұмыспен қам­тыл­ған. Осы орайда Жетісу жерінде де нақты жұмыстардың тиянағы келтірілгенін айтуға болады. Мәселен, бұған дейін хабар­­­лағанымыздай, Талғар ауданы Колхозшы ауылында жүк автомобилін шығаратын жаңа кә­сіп­орын жұмысын бастаған бола­тын. Зауытта Кореядан жеткізілетін машина бөлшектерінен 1,5-тен 15 тоннаға дейін жүк көтеретін техникалар, фургондар, рефрижераторлар, тағы басқа сапасы жоғары автокө­ліктер шығарылып, тұтыну­шы­ға жол тартуда. Ал зауытқа тар­тылған инвестиция көлемі 300 000 000 АҚШ долларын құрайды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. 25 000 Қоянның қысы басталғалы Ақтөбе қаласынан сыртқа осыншама тонна қар шығарылды Бұл жұмыс, әсіресе, көк­тем­де суға кету қаупі бар Мәс­кеу ауданында қызу жүр­гі­зілуде. Би­ылғы қыс оның ал­дын­дағы жылдарға қарағанда қарлы бо­лып тұр. Сондықтан да қала кө­шелерін қардан тазарту жұмыс­тарымен бес мекеме шұғыл­дануда. Қар суы көп жиналатын Мәскеу ауданында «КТП», «АССАНА», «Ақтөбе құры­лыс» және «Ақжол ЛТП» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қар шығарумен айналысып жатса, «Малышка» шағын ауда­нын­­да бұл жұмысты «Таза қала» ме­кемесі атқаруда. Бұл кәсіп­орын­дар бұдан кейін қарды сыртқа шығару жұмыс­тарын  «Сүт зауыты»   және  «Құр­мыш» шағын аудан­дарын­да жалғастырады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. 21 755 Облыстық статистика басқармасының хабарына қарағанда, осыншама студент жоғары оқу орындарында білім алуда Яғни, облыс орталы­ғын­да бұл күндері 4 жоғары оқу орны болса, мұның екеуі мемлекеттік, онда 14 375 студент оқып жүр. Студенттер күндізгі, сырт­тай  және кешкі бөлім­дерде білім алуда. Олардың 92 пайы­зы облыс орталығында, ал 7,9 пайызы Екібастұз қаласында оқиды. Ал, ақылы негізде 15 858 студент білім алып жүрсе, мемлекеттік білім беру гран­тымен 5 789 жас қамтылып, мемлекеттік білім беру тап­сырысын 108 студент алыпты. Студенттердің 64,8 пайы­зын қазақтар, 27,6 пайызын орыс­тар,  қалғандарын өзге эт­нос өкілдері құрайды.  Жеңіл­дікпен 1712 ауыл жастары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 38 студент оқиды. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.