Талап және тәртіп
Сот актілерінің жүзеге асуын қамтамасыз ететін сот орындаушыларының құзыреті Жоғарғы Сот қарамағынан ажыратылып, Әділет министрлігінің қарауына берілді. Осыған орай жаңа жүйеге жаңа құрылымдық күйде ауысқан комитет қызметінде не өзгерістер бар екенін білу мақсатында Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Г. Кимге жолыққан едік. – Георгий Владимирович, соттардың беделі оның шығарған шешімінің түпкілікті орындалуында жатқаны белгілі. Алайда халық арасында сот орындаушысы туралы ынтасыз, қауқарсыз, ісі мардымсыз және баяу қимылдайтын шенеуніктің жағымсыз бейнесі қалыптасқан. Енді комитет Жоғарғы Сот құрамынан алынып, Әділет министрлігіне берілгенде не өзгеріс болмақ? – Жоғарғы Соттың құрамында болған кезде комитеттің қызметіне сот шешімдерін орындаумен қатар, соттардың қызметін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету кірсе, қазір ол қызметтен толықтай босатылды. Енді басты назар сот актілерінің орындалуына ғана бөлінеді. Яғни, министрлікке ауысудағы басты мақсат – сот шешімдерін орындау қызметін жақсарту, сот орындаушылардың мәртебесін көтеру. Соттар шығарған заңды шешімдердің орындалмай келгені шындық. Соған орай былтыр «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» жаңа заң күшіне енді. Бұл жағдайда Мемлекет басшысының сот актілерін орындау сапасын көтеру шешімін жүзеге асыру шараларының бірі ретінде жеке сот орындаушылар институтын енгізу болып табылды. Өйткені, әр адамның өзі мүдделілік танытушы тарап ретінде сот актілерінің орындалу өндірісінің барысы жайында толыққанды шынайы ақпаратты уақытылы алып отыру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Олар комитетке өз міндетін дұрыс атқармаған сот орындаушысы туралы тікелей арыз түсіре алуы керек. Мұндай байланыс сот орындаушыларының жұмысындағы маңызды қағидалардың бірі – сот шешімдерін жүзеге асырудың ашықтығын және мәжбүрлеп орындату шараларын іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. – Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру тұрғысында қандай шаралар атқарылуда? – Комитет жеке сот орындаушылары жұмыс істейтін атқару округтерін айқындады. Заңның негізінде жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін реттестіретін актілер даярланды. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілетін лицензия бланкілері бекітілді. Сонымен бірге, жеке сот орындаушылары бірлесе қызмет жасайтын екінші деңгейлі банктермен, салық органдарымен, сақтандыру компанияларымен және т.б. мекемелермен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, банктермен жеке сот орындаушыларының жұмыстарын ыңғайлы шарттармен несиелендіру мүмкіндіктері, сақтандыру компанияларымен қызметін сақтандыру жайы талқылануда. – Жеке сот орындаушыларын енгізуден не күтіледі? – Ең басты күтіліп отырған нәтиже – сот актілерінің шұғыл әрі сапалы орындалуы. Мысалы, АҚШ-та сот шешімдерін шерифтер мен сот приставтары, жеке заң агенттіктері жүзеге асырады. Ал Францияда мәжбүрлеп орындаушылар, Германияда сот тіркеушілері орындайды. Посткеңестік елдер ішінде Балтық бойы елдерінде жеке сот орындаушылары тиімді жұмыс атқарып келеді. Біздің қоғамның да жеке сот орындаушылары жүйесін енгізуге даяр екендігіне сенімдімін. Оған бүгінгі күні сот актілерін шынайы орындаумен айналысып, жұмыс атқарып отырған коллекторлық және өзге де ұйымдар дәлел бола алады. Олардың қызметі ешбір заңмен реттелмегенімен, табысты жұмыс жасауда. Аталған ұйымдар қызметтерін әсіресе банктер мен кәсіпкерлік құрылымдар көп тұтынуда. Жеке сот орындаушыларына келер болсақ олардың корпусы біртіндеп қалыптасатын болады. Бірақ бұл сот орындаушыларының мемлекеттік жүйеден мүлде ажырауына жол бермейді. – Жеке сот орындаушыларға еңбекақы қалай төленбек? – Материалдық қызығушылық пен жоғарғы жауапкершілік сот орындаушыларының жұмысына қатысты екі маңызды шарт екендігін айтқым келеді. Себебі, заңның 116-бабының 1-бөліміне сәйкес «Жеке сот орындаушысы өз қызметін өзі қаржыландырады». Ол өз кезегінде борышкерден өндірілген қаржының екі құрамдас төлемдері есебінен жүзеге асырылады: Үкімет бекіткен тарифтер бойынша орындалған қызметке байланысты төленетін сома және атқару құжаты толық немесе ішінара орындалған жағдайда сот өндірісіне төленетін сома. Жеке сот орындаушысына өз қызметіне бекітілген төлем көлемін өзгертуге тыйым салынады. Оның еңбекақысы атқару өндірісі аяқталғаннан кейін мүліктің немесе өндірілген қаржының 10 пайызы көлемінде немесе жеке тұлғалардың 10 айлық есептік көрсеткіштерінің, заңды тұлғалардың мүліктік емес сипаттағы орындау құжаттары бойынша 20 айлық есептік көрсеткіштерінің көлемінде айқындалады. Ол сома тек атқару құжаты толық немесе ішінара орындалған жағдайда төленеді. Қаржылық сипаттағы атқару құжаты ішінара орындалған жағдайда сот орындаушысы өндірілген сомаға тепе-тең көлемде ақы алатын болады. Ал борышкердің атқару құжатын өз еркімен орындауы жағдайында төлем көлемі азайтылады. Барлық төлемдердің борышкер есебінен төленетіндігіне ерекше назар аудару қажет. Сонда борышкер үшін сот шешімін өз еркімен орындаудың тиімді екені анық. – Жалпы, сот орындаушылардың қазіргі деңгейі қанағаттандыра ма? – Сот орындаушылығының қазіргі деңгейі бізді қанағаттандырмайды. Сот шешімдерінің төрттен бірінің орындалмау себептері сот актілерін қасақана орындамайтын және орындауға кедергі келтіретін тұлғалардың жазаланбауынан болып отыр. Атқару өндірісі туралы жаңа заңның енгізілуімен сот орындаушылары борышкерлердің республика аумағынан шығуын шектеу, заңды тұлғалардың лицензияларын уақытша тоқтату сынды қосымша құзыреттерге ие болғандығын атап өтуге тиіспіз. Оған қоса, қасақана жалтарған борышкерлер комитеттің арнайы сайтына шығарылатын сенімсіз тұлғалар тізіміне енгізілетін болады. – Борышкер мемлекеттік органдардан өндіріп алу жағдайына тоқталып өтсеңіз. – Борышкер мемлекеттік мекеме болған жағдайда оның мүлкінен сот орындаушысы өндіріп ала алмайды. Мұндай борышкер өз қарыздары бойынша тек қаржылай өтем жасай алады. Үкімет актісіне сәйкес, мемлекеттік мекемелер қолданыстағы заңнамада көрсетілген негіздер болған жағдайда шешімді барлық сот инстанцияларында шағым жасауға міндетті. Бірақ, орындауға түскеннен кейінгі сот шешіміне шағым жасау сот орындаушысының атқару әрекеттерін тоқтата алмайды. Атқару өндірісі туралы жаңа заңға сәйкес, борышкер сот шешімін уақытылы орындамаған жағдайда өсімақы белгілейтін норма ғана қарастырылған. – Алимент өндіріп алу қоғамымызда белең алып отырған маңызды мәселелердің бірі болып отыр... – «Неке және отбасы туралы» Заңның 155-бабының 6-тармағына сәйкес, алиментті төлеуден жалтарған борышкерді іздестіру уақытында кәмелеттік жасқа толмаған баланы асырауға ай сайын төлемақы төленеді. Болашақта бұл сома оның ата-анасынан өндіріледі, өтелген қаржының он пайызы бюджетке жіберіледі. Соңғы уақытқа дейін алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ықпал ететін әдістер болмады. Қазір жаңа заңнама бойынша борышкер алимент төлемеген жағдайда сот орындаушысы оның еңбекақысы мен өзге де табыстарының 70 пайызын өндіре алады. – Мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұл өндіру туралы сот шешімдері мен өзге де мемлекеттік органдардың актілері орындалусыз қайтарылып жатады, оған не себеп? – Бұл санаттағы атқару құжаттары көп жағдайда заң талаптарына жауап бермейді. Мәселен, әкімшілік айыппұл салуға құзіретті мемлекеттік органдар хаттама толтыру кезінде құқық бұзушыға қатысты ақпаратты дұрыс толтырмайды. Көп жағдайда мемлекеттік органдардың инспекторлары айыппұл салу хаттамасында құқық бұзушының айтқан мекен-жайын көрсетеді, алайда орындау барысында борышкерлердің ол мекен-жайларда тұрмайтындықтары анықталады. Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ.Байсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Кино • Бүгін, 17:30
Қамшы туралы тарихи мәліметтер топтастырылған кітап жарық көрді
Тарих • Бүгін, 17:15
Халықаралық форумда ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Ғылым • Бүгін, 17:00
Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:45
Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:30