22 Қыркүйек, 2016

Жапондық өнер жарасымы

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тұңғыш Президент музейінде Қазақ­стан мен Жапония арасындағы «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында икебана өнеріне арналған мәдени шара ұйымдастырылды. Алдымен профессор Со-Катоку Икэнобо аталған өнер бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Сонымен қатар қаты­су­шылардың ең үздік туындылары көрмеге қойылды. Икебана – жапонның ежелден келе жатқан ұлттық өнері. Ол өмір салтынан алын­ған сұлулық символы, ғасырлар бойы құнын жоймаған әдемілік қазынасы болып табылады. Сондықтан да жапон хал­қы нәзіктіктің шыңы деп бағалаған икеба­наны күні бүгінге дейін қадір тұтады. Шеберлік сабағында Ресейдегі Икэнобо филиалының негізін қалаушы әрі ал­ғашқы президенті Мидори Ямада жай­лы, оның көркем туындыларының ерек­ше тұсы айтылды. Ямада Омотэ Сэнкэ мектебінің шай құю рәсімі бойынша және Суми-э кескіндемесінің хас шебері болып саналады. Ол 25 жыл ішінде Ресей, Түрікменстан, Татарстан, Украина, Мол­дова, Армения мен Қазақстанда көп­теген курстар өткізіп, бұл өнердің қыр-сырын үйреткен. Ал осы шарада қаты­су­шылар Ямаданың авторлық жұмыстарын тамашалап, икебананың құпия тұсына үңіліп, өздері гүл шоқтарын жасады. Сон­­дай-ақ екі елдің арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайта түскен ике­бана өнерінің тарихы жайлы қызықты де­ректер айтылды. Мәселен бұл өнер ұр­пақ­тан ұрпаққа мұра болып келе жат­қандықтан, Жапониядағы Роккакудо шір­кеуінің 45 монахына кезең-кезеңімен Икэнобо есімі берілген. Ал бүгінде атал­ған шіркеуді Сэн Эй Икэнобоның 45-ші ұрпағы Оно но Имоко басқарады. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»