08 Қараша, 2016

Жыл сайын 27 мың адам онкологиялық аурулардан қайтыс болады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жыл сайын Қазақстанда 27 мың адам онкологиялық аурулардан көз жұмады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басшысы Абай Байгенжин мәлімдеді. «Осыған дейін жеткен жетістіктерімізді атап өткенде алдымызда тұрған маңызды міндеттерді естен шығарған емеспіз. Онкология саласында жыл сайын 27 мың адам қайтыс болады. Сонымен қатар, бүгінде онкологиялық тізімде 160 мыңнан астам науқас тіркеліп тұр», – деді Абай Байгенжин. Бұдан бөлек, ол жыл сайын 34 мың адамға онкологиялық диагноз қойылатынын атап өтті. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға үміт артып отырмыз. Осының арқасында халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету жақсара түседі», – деді ол.