08 Қараша, 2016

Ресейлік саяхатшылар Үстірт шоқысы туралы ролик түсірді (видео)

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ресейдің «Ковчег» экология орталығының қатысушылары Маңғыстау табиғатының әсемдігін жарты сағаттық видеоға сыйдырды. Саяхатшылар видеоны октокоптердің көмегімен 4К стандартында түсірген, деп хабарлайды egemen.kz Baq.kz порталына сілтеме жасап. Бір топ ресейлік саяхатшы ғаламторда «Үстірт шоқысы. Мәңгілік лабиринті» атты жаңа фильм жариялады. «Елдің батысында орналасқан Үстірт шоқысының көз тартар сұлулығын көкте қалықтаған құстың көзімен тамашалауға болады»,- дейді ролик авторлары. Саяхатшылар бұл кадрларды түсіру үшін екі айға созылған үш экспедиция жүргізген.