08 Қараша, 2016

Қарағанды облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы тағайындалды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
aliya Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып бұдан бұрын «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет еткен Әлия Сыздықова тағайындалды. Әлия Сыздықова 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы – журналист. Жергілікті «АРТ» телеарнасы ақпараттар қызметінің жетекшісі, «7 арна», «24kz» және «Хабар» телеарналарының тілішісі болып жұмыс істеді.  Қайрат Әбілдинов