08 Қараша, 2016

АҚШ-та 43,2 млн. адам 7-қарашада дауыс берген

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ-тағы президенттік сайлауды бақылаушылар латынамерикалық сайлаушылар арасында мерзімінен бұрын дауыс беру көрсеткішінің өте жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды centralasian.org. 
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, 43,2 миллион адам 7 қарашада дауыс беріп үлгерген. Мұнда сайлау құқығы бар адамдар саны 50 миллионнан асады.
Бұл америкалық сайлаушылардың 40 пайызы 8 қарашадағы сайлау күніне дейін дауыс беріп қойған дегенді білдіреді, - деп хабарлайды Associated Press. Мерзімінен бұрын дауыс беру көрсеткішінің жоғары деңгейі 23 штат бойынша және Колумбия округында байқалады.