09 Қараша, 2016

Қайың кескені үшін млн. теңге төлейтін болды

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161108170013 «Бурабай» ұлттық табиғи саябағы аумағында ағаштарды заңсыз кескен Ақмола облысының тұрғыны бір миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді. Облыстың ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, браконьерлік факті 7 қарашада анықталды. Еңбекшілер АІІБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің деректеріне сәйкес 51 жастағы ер адам ұзындығы 7 метр 2 дана қайыңды заңсыз кесіп алған. Қазір шығын сомасы анықталуда. Күдіктінің айтуынша, ағашты ол пешке жағу үшін кескен. Полицейлер ҚР ҚК 340-бабы 4-тармағы 3-бөлімі бойынша соталды тергеуді бастады. Аталған бап санкциясы заң бұзушыға 90 тәулікке дейін бас бостандығынан айыру не 500 АЕК көлемінде айыппұл төлеуді көздейді. Еске салсақ, 1-10 қараша кезеңінде ақмолалық полицейлер «Браконьер» арнайы операциясы аясында жұмыс жүргізуде. Шараның басты мақсаты - табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықты, биологиялық ресурстар нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, экологиялық қылмыстарды ашу. Облыс бойынша 76 жедел топ құрылды. Құрамына 200 полицей, 78 бірлік қызметтік көлік кірді.