09 Қараша, 2016

Киізден тігілген киімдер

1988 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
1473739501_novosti-4-5Былтыр Астанада өткен «Нео-фольклор» атты республикалық конкурста шарбақтылық Галина Воронкова екінші орын иеленді. Қазір шебер басқаратын «Золотое руно» жеке кәсіпкерлігі ЭКСПО-2017 көрмесіне киізден жасалған ұлттық   кәдесыйлар жасауда. Галина Воронкова аудан орталығы – Шарбақты ауылы­н­да тұрады. Кәдімгі қой жүнін іске жаратып, қазір өзінің қолөнер шығармашылығына пайдалануда. Иә, айтса айтқандай, киіздің қыр-сырын апа-әжелерміз білген ғой. Ғасырлар бойы киіз басып, жүн иіріп, оны далалық таңғажайып іскерлікпен кәдеге жаратып отырды. Киім және аяқ-киім өндірісінде қазір табиғи материалдар сұранысқа ие. Өйткені, бұл киімдер денсаулыққа қауіпсіз, теріге жағымды, суық күндері бойды жылытады. Әттең, әлі де қыр-сырына тереңірек үңілмей жүрміз. Бренд деп шетелдік киімдер іздейміз. –Киіз шексіз мүмкіндіктерге ие. Одан барлық өнім түрлерін жасауға болады. Экологиялық таза өнім. Денсаулық үшін пайдалы. Отандық өнім. Мысалы, Еуропада табиғи материалдардан жасалған бұйымдар сұранысқа ие, – дейді Галина Воронкова. Сондықтан, киіз өнімдерін іске жарату жайлы бизнес-идея­сын жүзеге асыруға облыс­­тық кәсіпкерлік палата­сы аудандық филиалы көмек­ке келді. Галина  Николаевна алдымен «Бизнес-кеңесші» курсынан өт­ті.­ Одан кейін «Золотое руно»­ жеке кәсіпкерлігін ашты. Шағын кәсіпкерлігін дамыту үшін осы салаға бөлінген 3 мил­лион теңге грантты ұтып алды. Негізі, кішкене күнінен қолы шебер қыз кейін осы көркем­сурет саласы бойынша білім алады. Облыс орталығындағы Еуразиялық инновациялық университеттің «Дизайн» бө­лімінде білімін жетілдіреді. Қазір жеке кәсіп­­кер­лік иесі киізден киім-ке­шек, аяқ киім, кәдесыйлар, ойын­шықтар мен түрлі әше­кей бұйым­дар жасайды. Мате­риал көлемі жеткілікті болса,­ өнді­ріс көлемін ұлғай­тып,­ жаңа бұйым­дар даярлау технология­сын үйренуге әзір. Г.Воронкова тігетін киізден жасалған бұйымдар аудан, облыс бойынша үлкен сұранысқа ие. Отандық, ауылдық өнім деген ой енді-енді санаға ене бастағандай. Шетелдіктердің не үшін қызы­ғатынын түсін­ген­дейміз. Киіз­ден жасалған бұйымдарына сұра­ныс көбей­ген соң, шебер енді өндіріс орны мен өткізу нарығын ке­ңей­тпекші. ivalenkt cam01228-1– Бәсекелестік бизнеске­ серпін береді. Киізден бұ­й­ымдар жасау, киімдер тігу қазір кәсібіме айналды. Ал, ауыл фермерлері болса, қой жүнін қайда өткізерін білмейді. Бәленбай тонна жүн қо­қысқа тасталмауы керек, – дейді Галина Николаевна. – Екіншіден, ауылдарда меринос тұқымды қой көптеп өсірілсе, онда біз сапалы жүнді Қырғызстаннан сатып алмас та едік. Жүнді бояу да оңай емес. Өйткені, бояу қымбат. Қой жүні таза болуы үшін, оны жуып, тазалайтын өндіріс болу керек, – деп тағы да бір ой тас­тап қойды. Кәсіпкер әйел жүнді таза­лап,­ сұрыптайтын құрыл­ғы­ сатып алды. Бұл құрал күніне 8 келіге дейін жүнді тазалап сұрыптайды екен. Тапсы­рыстар аз емес. Солтүстік­­те­ қыс суық, қар қалың. Галина­ның пималарына сұраныс үл­кен. Балалар пимасы – 5 мың, үлкен­дердікі 10 мың теңге тұрады. Және жай жасай салмайды, пималардың сыртын өрнектеп, әсемдейді. Пима жасау қол жұмысы, еңбек осылай табыс әкеледі. Қысқы аяқ киімдер жұмсақ, аяққа ыңғайлы. Әсіресе, кішкентай балаларға арналған әсем пима­ларға сұраныс жоғары. – Қой, ешкі жүнінен тұр­мыс­қа қажетті бұйымдарды көптеп жасауға болады. Мысалы, киіз үйлер. Наурыз мей­рамын тойлау кезінде киіз үй­лерді жалға алу қиын әрі қымбат. Кәсіпкерлерге осы бизнес түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Қажет мате­риал ауылда, ұтымды пайдалана білейік, – деді Галина Николаевна бізбен әңгімесінде. Біз сапар барысында аудан орталығындағы музей үйінде орналасқан «Шебер Мария» клубында болдық. Клуб Г.Воронкованың бас­тамасымен ашылыпты. Қой жүнінен әшекей бұйымдар, сөмкелер жасалады. Бұл клубқа киіз жүнінен бұйымдар жасауды үйренуге қызыққан ауыл­дың қыз-келіншектері, оқушы қыздар келеді. Отандық өнім­нің ауылдағы шағын цехтан бастау алатынын көрдік. Айт­пақшы, ЭКСПО-2017 көрме­сіне келушілердің біздің өңірдегі маршруттарының бірі Шарбақты ауданындағы тарихи кесенелерді көрсетуге арналып отыр. Іздегенге – сұраған. Осы кезде Галина Николаевнаға да өз өнімдерін шетелдіктер назарына ұсынуға мүмкіндік бар. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Суреттерді түсірген Елизавета ВЕСЛЕНЕВА