09 Қараша, 2016

Ресейлік әріптесімен кездесті

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А.Шәкіров Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Т. Москальковамен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі. Ресей омбудсменінің шақыруы бойынша өткізілген кездесу барысында қазіргі жағдайда адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері, атап айтқанда, ұлттық құқық қорғау механизмдерін жетілдіру, пайдалы тәжірибе мен ақпараттық алмасу, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік құқық қорғау саласындағы ынты­мақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ұлттық құқық қор­ғау мекемелері арасында ынты­мақ­тастықты дамытудың маңыз­ды­лығы атап өтілді.