09 Қараша, 2016

9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161108235339 9 қараша күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде қар жауып, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-батыста ауа райы қалыпты болады. Дегенмен кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде одан да күшті болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысында тұман түседі, түнде жел күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда түнде және күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысында күндіз желдің күші кей аймақтарда 15-20 метр болады.