09 Қараша, 2016

Головкиннің карьерасындағы ең мықты боксшы анықталды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161109014327 Badlefthook.com порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің барлық сайыстарын сараптап шығып, оның ең мықты қарсыласының есімін атады, деп хабарлайды Sports.kz. Басылым өкілдерінің пікірінше, британиялық Мартин Мюррей Головкинге ең мықты қарсылас болған боксшы. Ол қазақстандықпен болған кездесуде 10 раундқа дейін шыдады. «Мюррей Головкинмен кездескендердің арасында ең мықтысы. Ол өте ұзақ қарсыласты, тек 11-ші раундта ғана жеңілді. Орта салмақта ол белбеуден екі рет үмітті болған. Бірақ, жеңіліп қалды. Супер орта салмаққа көшу ол үшін ұтымды шешім емес. Мартин бұл дәрежеде мықты боксшы бола алмайды»,-делінген басылымның хабарламасында.