09 Қараша, 2016

Қазақстан Президенті- Хиросимада

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары Хиросима қаласында жалғасты.  Елбасы ең  алдымен, қаладағы Бейбітшілік мемориалдық паркіне барып, онда 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасынан опат болғандардың рухына арнап Кенотафу ескерткішіне гүл шоғын қойды. Одан кейін Мемлекет басшысы Бейбітшілік мемориалдық музейін аралап, Құрметті қонақтарға арналған кітапқа естелік жазба қалдырды. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа «Хиросима қаласының Айрықша құрметті азаматы» арнайы атағы беріледі. Ләйла Еділқызы, «Егемен Қазақстан»