09 Қараша, 2016

АҚШ жаңа президентін қалай сайлады?

304 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
kfhf
14.02. Сайлаудың соңғы нәтижелері әлі шыққан жоқ, дауыстар әлі саналып жатыр. Қазіргі мәліметтер бойынша Трамп 48%, Клинтон 47,3% дауыс жинады. Алайда, АҚШ-тағы сайлау жүйесінің ерекшелігі бойынша, таңдаушылардың 278-інің даусын (қажетті 270-тің) алған Трамп президент болып сайланды.
egemen.kz тікелей трансляцияны осымен аяқтайды.
13.49. Трамп отбасымен сахнаға шықты. Ол Клинтонның соңына дейін күрескен қайсарлығын мойындайтынын жеткізді. Жақтастарына алғыс және алдағы жоспарлары туралы айтты.
13.48. АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Майкл Пенс сөз сөйледі.
13.45. Bloomberg Трампты жеңімпаз атады. Енді кандидат өзі сөз сөйлеуі тиіс. 13.43. Клинтон Трампқа телефон шалып, жеңілгенін мойындады. - CNN 13.36. Трамп президент сайлауында жеңіске жетті деп хабарлады Associated Press.

 2016-11-09-13_38_28-the-latest_-donald-trump-elected-president

"Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды. Республикалық партия кандидаты бүгін Висконсин штатының 10 дауыспен 270 ұпай жинап, жеңіске жетті. Сайлаушылар мемлекеттің 45-президенті етіп бизнесменді сайлады" деп жазды басылым. 13.32. NY Times жариялаған соңғы көрсеткіш: 266 - 218 2016-11-09-13_33_05-the-new-york-times-breaking-news-world-news-multimedia   13.09 Трамп Пенсильванияда жеңіске жеткенін мәлімдеді. gfn   13:06. Клинтон сөз сөйлеуден бас тартты. Оның штабы әлі ештеңе аяқталған жоқ деп отыр. NY Times көрсеткіші: 265 - 218. Трамп алда келеді. 13:00. NY Times жариялаған соңғы көрсеткіш: 264 - 218 Трамптың пайдасында. 12:56. Саакашвили Фейсбуктегі парақшасына Трамппен түскен суретін қойды. Бірақ досының ешкім болжап бола алмайтын саясаты бар болғандықтан, барлығын абай болуға шақырды. 2016-11-09-13_16_48-8-mikheil-saakashvili   12:50. NY Times мәліметіне сенсек, 264 - 215 көрсеткішімен Трамп алда тұр. 12:45. AP Пенсильванияда Трамп жеңеді деп болжап отыр. CNN әзірге ештеңе айтпады. 12:43. Трамп штабы CNN-ге уақыт созбай, Трампты жеңімпаз ретінде жариялауды ұсынды. Аляскада жеңіске жеткен Трампта 247 дауыс. 222222222   12:39. Ресейдің Федерация Кеңесінің халықаралық мәселелер бойынша комитетінің басшысы Константин Косачев өзінің фейсбуктағы парақшасында АҚШ-қа Трампты лайықты бағалаңдар деп кеңес берді. 111   12:30. Өкілдер палатасының спикері Пол Райан Трампты құттықтады 12:27.  Сенат та республикалықтардың бақылауында қалады 12:25. «Хилларидің жеңістен кейінгі сөзін қай жерде тыңдаймын деп сонша басымды қатырып едім. Еш күмәнім болмаған. Өз елімді бағалай алмаппын. Адасқан адамдай сезініп отырмын» деп жазды Твиттерде америкалық белгілі актер Морган Фриман.
12:23. RT басылымының бас редакторы "Адамдар соғыстан шаршады. Иммигранттардан да. Либерализм де жалықтырған секілді", - деп жазды.
2016-11-09-13_30_32-vybory-v-ssha-live   12:00 Барлық сайлау учаскелері жабылды. Пенсильванияда бюллетеньдердің 90%-ы саналды. Соңғы үш штатта да Трамп алда келеді.   vra

Клинтон әлі жеңілген жоқ, бірақ жақтастарының үміті үзілгендей

  11:52 АҚШ-тағы сайлауды бақылаушылар Мичиган, Пенсильвания және Висконсин штаттарындағы дауыс берудің нәтижелерін күтіп отыр. Оларда жеңе алса Клинтон президент болуы мүмкін. Алайда, үш штатта да аз ғана басымдықпен республикалық Дональд Трамп алда келеді. Президенттік креслоны иелену үшін оған 26 таңдаушының даусы керек.   vr   11:40 Нью-Йорк Таймс соңғы мәліметтерді жариялады. 244-215 есебімен Дональд Трамп алда. 11:23. «41 штатта дауыстар саналып болды. Трамп жеңіп жатыр. Клинтонда болар-болмас мүмкіндік бар. Ол Мичиган, Пенсильвания және Висконсин штаттарынан үміттене алады. Бірақ бұларда да Трамп алда келеді. Тең түсу мүмкіндігін де жоққа шығару болмайды. Әлемдік рыноктар Трамптың алға шығуына байланысты құлап қалды: Доу Джонс 800 пунктке төмендеді, Никкей 1000 пунктке бір-ақ құлады. Брент маркалы мұнай үш айдағы ең төменгі көрсеткішке төмендеді» деп жазады republic.ru ar

Трамптың жақтастары жеңісті тойлап жатыр

  11:06 Нью-Йорк Таймс басылымының сайты Дональд Трампта дауыстар саны 238 болғанын хабарлады. Клинтонда әзірге - 209. 11:00 ВВС: Клинтонда жеңіске жету үшін жалғыз мүмкіндік қалды. «Хиллари Клинтон Пенсильванияда, Мичиганда және Висконсинде жеңуі керек. Оның жеңіске апаратын бір ғана жолы бар, ал Трампта мүмкіндік көп» деді ВВС-ге сұхбат берген саясаттанушы Норм Орнштейн. zhaktastar

Клинтонды жақтаушылар сайлау қорытындысын үрейлене күтуде

  10:52 Трампта дауыстар саны 222 болғаны хабарланды. Әзірге Клинтон 209-бен тұр. Естеріңізге сала кетейік, жеңіске жету үшін, кандидат 270 таңдаушының даусын алуы керек. 10:43 Клинтон біраз дауыс жинады. Бірақ Трамп әлі де алда тұр: 216-209 10:35 Трамп қайтадан озды. Қазір Мичиган мен Висконсин штаттарында кім жеңетіні анықталып жатыр. Екеуінде де Трамп алда, бірақ Клинтон қашықтықты қысқартып келеді. Есеп: 216-197. 10:32 АР агенттігінің хабарлауынша, Клинтон Вашингтон штатында жеңді. 10:19 Трамп Небраскада жеңіске жетті. Орегондағы жеңісі арқасында әзірге Клинтон алда тұр: 197-187 10:16 Трамп қайтдан қуып жетуге айналды. Нью-Йорк Таймс дәл қазір 188-187 есебімен Клинтонның алда тұрғанын жазды. 10.11 АР мен NBC Орегонды Клинтон, Ютаны Трамп алды деп хабарлады. 10:09 CNN Солтүстік Каролинада Трамп жеңді дейді. Әзірге есеп 190-186 есебімен әлі де Клинтонның пайдасында. 10:05 Аляскадан басқа штаттарда сайлау учаскелері жабылды. 10:00 АҚШ-тағы тұрғындар саны ең көп штатта дауыс беру аяқталды. Клинтон Калифорния мен Гаваиде, Трамп Айдахода жеңіске жетті. Сөйтіп, Клинтон алға шықты, есеп - 190-171. Міне керемет!
09:57 Нью-Йорк Таймс: Дональд Трамп жеңіске жеткелі тұр. Газет сарапшылары республикалық кандидаттың жеңетініне 80% сенімді.
  dfh 09:52 Ассошиэтед Пресс Флоридада Дональд Трамп жеңді деп хабарлады. 09: 46 Трамп Солтүстік Каролина штатында жеңді. Қазіргі есеп 167-131, алда Трамп. 09:30 Фокс басылымы Колорадо штатында жеңіске Клинтон жетті деп хабарлады. Нью-Йорк Таймс Трамптың жеңу мүмкіндігі 86% деп бағалады. Мұнай 4%-ға арзандады. Мексика песосы ұлдилау үстінде. 09:21 Вирджиния штаты Клинтонға берді. Бұл нәтижеден кейін Клинтонның қоржынындағы дауыс саны 122 болды. Трампта – 167. 09:20. Ақпарат құралдары Огайода Трамптың жеңіске жеткенін хабарлауда. Есеп: 167-109 09:16. Клитонға Нью-Мексико, Трампқа – Миссури дауыс берді. Қазіргі сәтте 149-109 есебімен республикалық кандидат алда келеді. 09:12. NY Times газеті бірінші рет Трамптың жеңіске жету мүмкіндігін жоғары бағалады. Доу Джонс 625 пункт жоғалтты. 09:00. Қазіргі мәліметтер бойынша, Трампқа 139, Клитонға 104 таңдаушы дауыс берді. Трамптың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары екені анықтала бастады. Әлемдік индекстер күрт төмендеп жатыр, Мексиканың песосы соңғы 20 жылдағы ең төменгі көрсеткішке құлдырады. 08:48. NY Times Трамптың жеңу мүмкіндігін 58% деп бағалады 08:41. Клинтон Коннектикутта, Трамп Луизианада жеңіске жетті. Әзірге 136-104 көрсеткішімен Республикалық партия кандидаты алда 08:33. Трамп Флорида, Солтүстік Каролина, Огайо, Мичиган, Нью-Хэмпшир, Вирджиния штаттарында, Клинтон Пенсильвания штатында жеңді 08:13. Трамп Техас пен Арканзасты алды. 128 – 97. 08: 04. Нью-Йорк Клинтонға, Канзас, Небраску, Вайоминг пен екі Дакота Трампқа басымдық берді 08:02. Жаңа көрсеткіш 97-84. Клинтонда 8 штат пен Колумбия, Трампта 13 штат бар. 08:00.  68-66 Клинтон алда келе жатыр. NBC мен ABC айтуынша, өкілдер Палатасы республикалықтарды қолдайды. Флоридада көрсеткіші жиі өзгеріп тұр. 07:55. 5 минуттан кейін дауыс беру 14 штатта тоқтатылады 07:40. Трамп пен Клинтонның Флоридадағы көрсеткіштері тек бір саты айрмашылықпен тұр. Әзірге 91 пайызы саналды. 07:32. CNN Оңтүстік Каролинаны қоса алғанда көрсеткіш 68-66 деп отыр. 07: 27. Трамп Алабамада жеңді 07:19. Флоридадағы дауыс айырмашылығы 115-ке жетті 07:07. Клинтон Флорида, Огайо, Солтүстік Каролинада алда тұр 07:03. Әзірге 68-48 Клинтонның пайдасына 07:02. Трамп Оклахома, Миссисипи, Теннесиде алда 07: 01. Хилариға Иллионойс, Нью-Джерси, Массачусетс, Мэриленд, Роуд Айленд, Делавер мен Колумбия басымдық берді 06: 59. Огайода да Клинтон жеңді, 54%. 06:56. Солтүстік Каролинада екеуі тең тұр. Флоридада Клинтон бірінші орында 06:51. Оңтүстік Каролина Трампты таңдап, оған 9 дауыс берді 06:46. Оңтүстік Каролинада Трамп 49%, Клинтон 48,3% 06:39. Солтүстік Каролинада (15 дауыс) – Трампта 62,9%, Клинтонда 35,3%. Әзірге тек 1% есептелді 06:15. Батыс Вирджинияда Клинтон алда - 49,5%. Трампта 45,5%. Бұл штатта Трамп жеңеді деп күтілген болатын. 06:12. Солтүстік Каролинада да дауыс беру ұзартылатын болды 06:02. Трампты Кентукки, Индиана, Клинтонды – Вермонт қолдады. Әзірге 19–3. 05:57 3 минуттан кейін Вирджиния мен Джордия штатының сайлау учаскелері жабылады. 05:53. Кентуккиде 4% саналды. Әзірге Трампта 67,3%, Клинтонда 28,6%. Индианада да 4% есептеулерден соң Трампта 67,3%, Клинтонда - 29%. 05:34. Нью-Хемпширде Клинтон алда 05:30. Индиана 71%, Трампқа басымдық берді 05:20. Калифорнияда сайлау учаскесі сол маңда болған атысқа байланысты жабылды деп хабарлады CBS Local. Атыс Азус қаласында болған. Полиция қала тұрғындарына ешқайда шықпауға кеңес берді 05:16. Кентукки штатында Трамп алдыға шықты (79 %). Бірақ толық есептеулер біткен жоқ 05:06. Алғашқы өңірлердегі учаскелері жабылды. 03:39. Клинтон штабының басшысы Солтүстік Каролина нәтижелері сайлау күні есептеліп бітпеуі мүмкін екенін айтты 03:11. Трамп штабы Пенсильваниядағы дауыс беруге арналған машиналар автоматты түрде Клинтонды таңдап беріп жатыр деп шағымданды. 01:58. Трамп штаты Невадада бюллетеньдерді бірден қарастыру туралы талап етіп, қолдау таппады 01:53. Дарэм, Солтүстік Каролинада туындаған техникалық ақауларға байланысты дауыс беру уақыты 1,5 сағатқа созылды 01:23. Трамп республикалықтарға берілген дауысты демократиялық партияға ауыстыратын машинаға қатысты шағымдар алып жатқанын айтты 00:41. Гуам аралында Клинтон 71,6 % жинады 00:22. CNN 1993 жылы Хиллари мен Биллдің «Әйел президентті жақында сайлаймыз. Оған барлығымыз куә боламыз» деген видеосын тапты. 00:04. Трамптың ұлы дауыс берді 00:03. Трамптың штабы Невададағы Кларк округында алдын ала дауыс беруге шағым түсірді. 23:31. Массачусетс, Пенсильвания мен Нью-Йоркта да ақаулар пайда болды 23:09. Тағы 4 штатта техникалық ақаулар пайда болды: Солтүстік Каролина, Юта, Вирджиния мен Теннеси. Теннесиде принтер, Юта мен Вирджинияда дауыс беру машиналары бұзылды. 22:25. Трамп дауыс берді. 22: 11. Трамп әйелімен сайлау учаскесіне келді. 21:08. Дарэм, Солтүстік Каролинада компьютерлік ақаулар орын алып, сайлаушыларды тіркеу жүйесі істен шықты. Солтүстік Каролина маңызды штаттардың бірі саналатындықтан, әзірге өз қолдарымен тіркеуге тура келді. 19:05 Клинтон күйеуімен бірге дауыс беруге келді

18:44. Сайлау учаскелері 17 штатта ашылды 17:23. Хиллари Клинтон Солтүстік Каролинада сайлаушылармен соңғы кездесуін өткізді 17:18. Трамп Мичиганда сайлау алды сөзін сөйледі 16:48. 7 штатта сайлау науқаны жергілікті уақыт бойынша таңғы алтыда басталды. Тек Нью-Хемпшир түнгі сағат 12-де дауыс берді. АҚШ-та жеңімпазы соңғы сәтке дейін белгісіз сайлаулардың бірінде сайлау басталды. Дауыс беру алдындағы болжамдардың көпшілігі жеңісті Хиллари Клинтонға берген болатын. Сайлаудың қорытындысына әлі таңдауын жасамаған штаттар шешуші әсер етеді. Олардың қатарында Флорида, Солтүстік Каролина, Невада сияқты штаттар аталады. Жеті штатта дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат алтыда басталды. Жеңіске жету үшін кандидатқа 270 таңдаушының дауысын алу керек. Egemen.kz шетел ақпарат агенттіктерінің мәліметтеріне сүйене отырып, АҚШ-тағы сайлаудың нәтижелері туралы тікелей хабар таратпақ.