09 Қараша, 2016

Хиросиманың ішкі жалпы өнімі 60 млрд долларды құрайды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
HIROSHIMA, JAPAN - MAY 26: Vehicles travel through downtown near Hondori on Мам 26, 2016 in Hiroshima, Japan. On Мам 27, President Barack Obama is scheduled to visit Hiroshima, which will be the first time a U.S. president makes an official visit to the site where an atomic bomb was dropped at the end of World War II. (Photo by Jean Chung/Getty Images) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Күншығыс еліне ресми сапары Токиодан басталып, Хиросимада жалғасты. Мұндағы жергілікті тұрғындар саны 1,1 млн-нан сәл ғана асады.  Жапонның ірі Хонсю аралының батысында орналасқан бұл қала - Хиросима префектурасының әкімшілік орталығы. 1980 жылдан бастап Хиросима Жапонияның мемлекеттік маңызға ие қалаларының тізіміне енді.  1945 жылы атом бомбасы тасталған әлемдегі  ең бірінші қала ретінде белгілі. Дәл сол жылдың 6 тамызында  жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат  08:15-те бірінші атом бомбасы тасталады.  Жалпы, Хиросимаға тасталған ядролық қарулардың қуатының алапат болғаны соншалық, ол қаланың 90 пайызын жермен-жексен етеді. Хиросима – 8 жаңа және ескі ауданға бөлінеді.  Қазіргі таңда қала экономикасының шамамен 70-80 пайызын екінші және үшінші деңгейлі кәсіпорындар көтеріп тұр. Қалада жапонның «Мазда Мотор» корпорациясының негізгі зауыттарының штаб-пәтері орналасқан.  Олардан түскен қаржы қаланың ішкі жалпы өнімінің 30-дан астам пайызын құрайды. Жалпы, Хиросима өңірінің ішкі жалпы өнімі  60  млрд АҚШ долларын құрайды. Хиросима - Тюгоку-Сикоку өңірінің өндіріс орталығы.  Портты қала мәртебесіне ие. 1993 жылы мұнда Халықаралық әуежай салынған. Қазір ол жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылады. Қала мэрі тұрғындардың тікелей сайлауымен 4 жылда бір рет сайланады.  2011 жылдың  сәуірінен бастап,  бұл лауазымда – Казуми Мацуи. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ "Егемен Қазақстан" Хиросима