09 Қараша, 2016

«Тұлпар-Тальго» жолсеріктеріне әуе компаниясының талаптары қойылады

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161109104250 Жолаушыларға қызмет көрсетудің озық үлгілері бойынша тәжірибе алмасу үшін қазақстандық екі компания өзара келісім жасасты, деп хабарлайды egemen.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұлттық тасымалдаушы «Эйр Астана» АҚ-ымен меморандумға қол қойды. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне көтерілді. Әуе компаниясы да өз кезегінде жолаушыларға қызмет көрсетуде көп тәжірибе жинаған және қызмет көрсетудің озық үлгілерін өндіріске енгізген кәсіпорын. Қазанның 29-ында екі кәсіпорын «Тұлпар-Тальго» пойызына және әуе компаниясына бірлескен түрде жолсеріктерді жұмысқа қабылдады. Ол үш кезең бойынша өткізілді. Соның нәтижесінде 36 жолсерік таңдалды. 2017 қаңтардан бастап «Тұлпар-Тальго» пойызына арналған бірлескен бағдарлама іске қосылады. Әуекомпаниясында білім тренингтерін еуропалық шеберлер жүргізеді. Онда негізінен, сыртқы киім үлгісі мен кескін келбет, араласу этикасы, сөйлеу мәдениеті, клиентке бейімделу жайларымен қатар даулы жағдайда мәмілеге келу тәсілдері үйретіледі. Оның сыртында, пойыздарда қызмет көрсетудің жетілдірілген жаңа стандарты түзіліп, өндіріске енгізілетін болады.