09 Қараша, 2016

Клинтон жеңілгенін мойындады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
hfjs АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы белгілі болып, Дональд Трамп сөз сөйлеп жатыр. Ол өзінің жеңгенін мәлімдеді және Хиллари Клинтонның өзіне телефон соғып, жеңілгенін мойындағанын айтты. АҚШ-та қалыптасқан дәстүр бойынша жеңілген адам осылай телефон шалуға міндеттеледі. АҚШ президенті атануы үшін кандидаттарға сайлаушылар алқасындағы 538 дауыстың кемінде 270-ін жинау керек еді. Дональд Трамп 40-тан астам штаттардың нәтижесі бойынша 276 дауыс жинап, жеңіске жетті. Кеше АҚШ-та басталған президент сайлауында жеңіс кімге бұйыратынын соңғы уақытқа дейін болжау қиын болды. Астана уақыты бойынша бүгінгі сағат 10-ға дейін Дональд Трамп басымдықпен алда келе жатып, халық ең көп қоныстанған Калифорниядағы жеңістен кейін Хиллари Клинтон алға шыққан еді. Дегенмен, сайлау күні де "Бүгін Американы  ұлы етеміз" деп өзіне сенімді болған Трамп АҚШ-тың 45-і президенті болып сайланды.