09 Қараша, 2016

2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
byudzhet Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қабылданды. «Макроэкономикалық болжам негізінде 2017 - 2019 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы әзірленді. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2017 жылы 4 338,2 млрд.теңге, 2018 жылы  4 562,3 млрд.теңге, 2019 жылы  4 877,2 млрд.теңге сомасында болжанып отыр»,-деді баяндама жасаған ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Оның сөзіне қарағанда, республикалық бюджет шығыстары 2017 жылы 8 563,1 млрд. теңге, 2018 жылы  8 368,1 млрд. теңге және 2019 жылы  8 746,8 млрд. теңге көлемінде айқындалды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, экономикалық өсуді және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 2017  2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі басымдықтары аграрлық секторды үдемелі дамыту, индустрияландыру мен шағын және орта бизнесті дамыту, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту болып айқындалды.