09 Қараша, 2016

Назарбаев мемлекеттік сапармен Корея Республикасына барды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161109153828 Қазақстан Президенті Сеул қаласына барды. Сапар аясында ел Президенті Пак Кын Хемен кездесу өткізу көзделген, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары келіссөздер аясында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді және Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының басты аспектілерін талқылайды, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев іскер топтар өкілдерімен кездеседі және жергілікті университетке барады.