09 Қараша, 2016

Оралда волейболдан қыздар арасында чемпионат өтті

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
voleybol Бүгін Оралда волейболдан 1999-2000 жылғы қыздар арасында Қазақстанның күзгі чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 4-9 қараша аралығында өткен біріншілікке барлығы алты команда қатысты. Жарыс қорытындысында Ақтөбе облысы командасы жеңімпаз атанды. Алматы облысының қыздары екінші, батысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ Айдана Батаева (Павлодар) «Үздік байланыстырушы», Мәдина Бекет (Ақтөбе) «Үздік либеро», Александра Волощенко (Ақтөбе) «Үздік шабуылшы», Татьяна Никитина (Алматы) «Үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталды. 20161109173603