09 Қараша, 2016

Ақмола облысында сот төрағалары мен судьялары тағайындалды

403 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20160813121138 Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Ақмола облысы соттарының төрағалары мен судьяларын таныстырды, деп хабарлайды egemen.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 қарашадағы Жарлығымен Ақмола облысы бойынша Мақсат Ақышев Атбасар аудандық соты судьясы қызметінен босатыла отырып Ерейментау аудандық сотының төрағасы қызметіне, Қайрат Шаймергенов Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатылып, Зеренді аудандық сотының төрағасы қызметіне, Мейірбек Байгелов Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметіне, Мақсұтхан Ахметов Степногор қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Аталған Жарлық бойынша Асқар Құлмағамбетов Бурабай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Ақмола облыстық сотының судьясы қызметіне, Қазбек Әбішев Зеренді аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Есіл аудандық сотының судьясы қызметіне, Оңал Ізмұхамедова мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Көкшетау қалалық сотының судьясы қызметіне, Мәди Бекенов кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне, сонымен қатар, Валентина Валитова Қостанай облысы Рудненск қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Целиноград аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Ақмола облыстық сотының төрағасы тағайындалған төрағалар мен судьяларды құттықтап, сот төрелігін нығайтуда табыс және жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді. Сот төрағасы өз тілегінде тағайындалған судьяларға судьяның жоғары мәртебесі мен судьялар әдебін сақтауды ескертіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуді тапсырды.