10 Қараша, 2016

Шекара бұзғандар ұсталды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар кең-байтақ еліміз мемлекеттік шекарасының әр өңіріндегі бөліктерінен әкімшілік сипаттағы заңнаманы бұзған 97 аза­мат­ты ұстады. Нақты айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан және Қытай азаматтары шекаралық режімді бұзған. Тағы үш қазақстандық азамат еліміздің аумақтық және ішкі суларындағы (теңіз) режімді сақтамағандықтары анықталды. Сонымен қатар, осыншама азамат бақылау-өткізу бекеттерінде тоқтатылған. Ал бір қазақстандық мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін қолға түсіпті. Еліміздің көші-қон Заңын бұз­ған шетелдік азаматтар да шекарашылар назарынан тыс қалмады. Жалпы саны 87 шет­елдік азаматтың 14-і Ресей, 47-сі Өзбестан, 9-ы Қырғызстан, 8-і Тәжікстан, 3-уі Түркия, 2-уі Әзербайжан, сондай-ақ, 1 адамнан Үндістан, Қытай, Беларусь, Ұлы­британия мемлекеттерінің  азаматтары болып шықты. «Егемен-ақпарат»