10 Қараша, 2016

Елбасы Оңтүстік Кореямен екіжақты құжаттарға қол қойды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында "Чонгвадэ" сарайында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Мəселен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Президенті Пак Кын Хе Стратегиялық серіктестік қарым-қатынасты одан әрі тереңдету туралы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының бірлескен декларациясына қол қойды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Кореяның Сауда, индустрия және энергетика министрі Чжу Чен Хван ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен КР Сауда, индустрия және энергетика министрлігі арасындағы бірлескен іс-қимыл жоспарын, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Корея Республикасы Көлік, жер және инфрақұрылымдар министрі Кан Хо Ин Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Корея Республикасы Көлік, жер және инфрақұрылымдар министрлігі арасында көлік саласындағы инвестициялық және инновациялық жобаларды қолдау туралы меморандумды рәсімдеді. Лəйла Еділқызы. "Егемен Қазақстан" Оңтүстік Корея