10 Қараша, 2016

10 қарашаға арналған ауа райы болжамы

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161109235903 «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып бұрқасындатса, тағы бір аймақтарда көктайғақ болады. Отүстік-батыс пен оңтүстікте және оңтүстік - шығыста бұрынғысынша ауа райы қалыпты жағдайда өтеді. Кей жерлерде тұман да түседі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, төменнен бұрқасындатып, күндіз және түнде жел күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, түнде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман болып, күндіз және түнде секундына 15-20 метр жел соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел күші секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар облысында түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді.