10 Қараша, 2016

Алматыда жыл соңына дейін 4 балабақша ашылады

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
detsad Алматыда жыл аяғына дейін 4 балабақша, 600 орынды 1 мектеп, 25 балалардың ойын алаңдары және басқа нысандар пайдалануға беріледі әрі бұлардың барлығы жеке қаржы есебінен салынуда. Жалпы,бизнесмендер құны 40 млрд. теңге болатын 49 жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Өзінің кезекті жұмыс сапары барысында қала әкімі осындай нысандардың бірі- №124 коррекциялық типтегі қазақ балабақшасында болды. 1961 жылы салынған мекеме апатты деп саналған, алайда жеке инвестор оның құрылысына 400 млн. теңгеден астам қаржы жұмсап, оны қайта салды және сейсмикалық қуатын күшейтті. «Бұл балабақша Мемлекет басшысының бұрындары берген тапсырмасы аясында іске қосылады әрі сапасы да жоғары. Бізге тұрғындар үшін барлық жағдайларды жасау қажет. Ата-аналар үшін балаларының уақтылы тамақтанғаны, қоғамға бейімделгені, білім алғаны, ең бастысы қауіпсіздігі барынша маңызды», - деп атап өтті әкім. Жоба демеушілері - «RBK» банкі нысанды қайта жасап шықты, жаңа техника мен қазақстандық мебельдерді сатып алуда. Құрылыс барысында қазақстандық үлес 90% құрады. Бұл шағын және орта бизнестің қолдау тапқандығын көрсетеді. Нысанды қайта жасау кезінде 200 жұмыс орны пайда болды. Іске қосылған кезден бастап мұнда 35 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Жаңа балабақша 1 желтоқсан- еліміздің Тұңғыш Президенті күні ашылады деп жоспарланған. Балабақша 100 орынды. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында Медеу ауданында қазірдің өзінде 146 балабақша салынған.