10 Қараша, 2016

Елбасы Сеулде іскер топ өкілдерімен кездесті

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Сеулде Оңтүстік Кореяның іскер топ өкілдерімен, жетекші компанияларының бизнесмендерімен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев жұмыстарының қауырттығына қарамастан, уақыт бөліп, өзіне үлкен құрмет көрсеткендері және қонақжайлылық  танытқандары үшін бизнес өкілдеріне ризашылығын білдірді. «Біз мұны Қазақстанға көрсетілген айрықша құрмет деп білеміз. Бүгінде Корея Республикасы – еліміздің Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің  бірі.  Біз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, Корея Республикасының тәжірибесін зерттеуге, экономикадағы жетістіктерін зерделеуге айрықша мән беріп келеміз.  Қазақстанға тәуелсіздік алған ширек ғасырдан бері Кореядан ағылған инвестиция көлемі  шамамен 10 млрд АҚШ долларына жеткен. Өзара  тауар айналым 1,5 млрд АҚШ долларын құраған.  Алайда, 2014 қаржылық дағдарыс пен  биржа бағамының төмендеуіне байланысты тауар айналым көрсеткіші төмендеп кетті.  Біз мұны уақытша қалыптасып отырған жағдай деп ойлаймыз. Бұл сыртқы факторлар мен объективті себептердің әсерінен орын алды.  Алайда, біз бұл жағдайды өзгерте аламыз.», – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Елбасы қос мемлекет арасындағы экономикалық ықпалдастыққа жаңаша серпін беру қажеттігін, бұл бағытта энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, көліктік логистика секілді салаларға айрықша мән берудің маңыздылығын атап өтті. «Бүгінде сіздердің компанияларыңыз Қазақстанда  біздің арнайы шақыруымыз  бойынша келіп, жұмыс істеп жатыр.  Олардың ішінде «Samsung», «LG» секілді компаниялар бар.  Жалпы алғанда, Қазақстанда 465 бірлескен компаниялар мен кәсіпордар тетігі іске қосылып, белсенді түрде жұмыс жүргізуде.  Соңғы 3  жыл ішінде жалпы құны  160 миллион АҚШ долларынан астатын 14 инвестициялық жоба сәтті жүзеге асты», - деді Нұрсұлан Назарбаев. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Корея