10 Қараша, 2016

Кореямен 1 млрд. доллар тұратын 6 жоба жүзеге асырылмақ

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Кореяның бизнес капитандары кездесуінде 20-ға тарта ең ауқымды компания өкілдері қатысты. Олардың басым көпшілігі Қазақстанда әртүрлі салалар бойынша жұмыс істейді. Олар - энергетика, ауылшаруашылығы, көліктік логистика, тау-кен салалары. Бұл жиынның алдында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму  министрлігі әртүрлі салаларды қамтитын 2 меморандумға қол қойды. Біріншісі ортақ жобаларға арналған. Олар келешекте іске қосылатын  жобалар. Қазір бұл бағытта  жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы меморандум аясында іске асырылатын 6 жобаның жалпы құны 1 миллиард доллардан асады. Екінші меморандум көлік саласына қатысты. Жалпы, бұл меморандум бойынша жүзеге асырылатын жобалар темір жол, автокөлік салаларына «интеллект жүйесін» енгізуге бағытталған. Мемлекет басшысының оңтүстік кореялық бизнес компаниялар өкілдерімен жүргізген келіссөздерінен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді. Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек Елбасы мен бизнесмендердің кездесуінде кореялық тарап Ляньюньган портындағы қазақстандық терминал арқылы Корея республикасынан жүктерді  Орталық Азияға, Ресейге өткізу үшін Қазақстанның көлік инфрақұрылымының әлеуетін пайдалануға қызығушылық танытқанын жеткізді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Корея