10 Қараша, 2016

Елордалық соттарға жаңа судьялар тағайындалды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана қалалық сотының төрағасы Т. Бәрпібаев сот корпусына 2016 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған жаңа судьяларды таныстырды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен. Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы қызметіне - Сырлыбаев Талғат, Сарыарқа аудандық сотына - Қашқынбекова Салтанат,  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына - Ыдырысов Бағлан және  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына - Жақсыбаев Айдос, Маманова Анар, Сембин Мақсат тағайындалды. Қалалық сот төрағасы жас судьяларға  жауапты жұмысқа аяқ басқандарымен құттықтап, жұмыста табыс тіледі.