10 Қараша, 2016

ШҚО-да қалың қар түсіп, адамдар эвакуацияланды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161110123447 Шығыс Қазақстан тұрғындары бұрын-соңды болмаған қалың қардың түсуі салдарынан қиындыққа тап болды. Қар таңертең ғана толастады. Қолайсыз ауа райы салдарынан «Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы»  күре жолында қозғалыс тоқтатылды. Түнде Семей-Қарауыл жолында қозғалыс шектелген, деп хабарлады «ҚазАқпарат». ТЖД қызметі Өскемен-Бобровка жолында өздерінің көмегі қажет болғанын хабарлады. Ол жерден өтімділігі жоғары техникамен 17 адам эвакуацияланды. Өскеменнің коммуналдық қызметтері түні бойы жолды қардан тазалады. Тазалау жұмыстары жалғасуда. Метеоқызметтің бағалауынша, тәулік ішінде 25 см қар түсті. «Біз бұл жауын-шашынды күшті жел, нөлдік температурамен болжадық», - деді кезекші синоптик. ТЖ қызметі бұдан бұрын өңір тұрғындарын метеоқызметке сілтеме жасап, ауа райының нашарлайтынын туралы ескерткен.