10 Қараша, 2016

Ә.Бөкейханның 150 жылдығына арналған конференция өтті

660 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
 dsc_0422 Ұлттық музейде алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құндылығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында баяндама жасаған филология ғылымдарының докторы, академик Сейіт Қасқабасов алаш зиялыларының әрбіріне жасалған жиындардың өзіне ыстық екенін айтты. dsc_0373 «XX ғасырдың басында зиялылар көтерген ең негізгі мәселе - біз тобырмыз ба, жоқ әлде ұлт болып қалыптаса аламыз? деген сауал болатын. Бұл орайда олардың әрбірі үлкен жауапкершілікпен қызмет атқарды. Ұлт көсемі Әлиханның қамтымаған саласы жоқ. Тарих, мәдениет, этнография, статистика, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, жер жағдайы, халықтың тұрмыс тіршілігі туралы сан-салалы мақалалар жазды. Ол мақалалардың көбі әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ» деген академик бұл еңбектерді саралап талдауда әлі күнге дейін тамсанушылықтың басым екенін, қайсы идея бүгінгі күнге жарамды, қайсысы сол кезде маңызды болды деген мәселеде талдау жағы жетіспей жатқанын атап айтты. dsc_0437 Белгілі алаштанушы ғалым, профессор Диқан Хамзабекұлы «Рухани серпіліс» деген тақырыпта баяндама жасады. Ғалымның айтуынша, алаш қайраткері Әлихан Бөкейханмен бірге саяси сахнаға шыққан белсенділердің саны 250-300-дей болған. «Жиын-той не үшін керек?» деген сауалға ғалым Алаш көсемінің «тұтастай ұлт жиылып бір организм болу үшін, қайғыны бірге көтерісіп, қуанышқа ортақтасу үшін керек» деген өз сөзімен жауап берді. Д.Қамзабекұлы Алаш көсемінің өз заманында «қазақ неге сорлы?» деген сауал қойып, ол сауалға «әр буын ұрпақ өз мойнындағы жауапкершілікті келесі буынға тастап кетеді»-деп жауап бергенін айтты. dsc_0351 dsc_0450 Айгүл СЕЙІЛОВА Фото Ерлан ОМАРОВ