10 Қараша, 2016

Алғашқы қазақстандық мюзикл сахналанды

876 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
8888 «Қазақконцерт» Орталық концерт залында «Достар серті» мюзиклінің жаңа көрсетілімі өтті. Жаңа музыкалық қойылым - алғашқы қазақстандық мюзикл саналады. Ол - Астанадағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымның жанында ашылған «Astana Musical» жаңа музыкалық театры ұжымының бірлескен еңбегінің жемісі, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі. 66666 «Бұл еліміз үшін маңызды оқиға. Ең алдымен, министрліктің қолдауының арқасында аты аңызға айналған «Қазақконцерт» концерттік ұйымын сақтап қалдық. Қаншалықты қиын болғанымен, нәтижесінде сүйікті атауды сақтап, Астана қаласында бірегей ұйым құрдық. Бұл жерде 100 пайыз қазақстандық туындылар дүниеге келеді деп толықтай сенемін. Қазақстандықтарға Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай осындай сый жасау біз үшін құрмет», – деп атап өтті «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Салтанат Сейдімбек. 5555 Мюзиклдің либреттосын танымал қазақстандық ақын және сценарист Бақыт Қайырбеков жазды. Қойылым музыкасының авторы Қазақстанның еңбегі сінген қайраткері, дирижер Артур Оренбургский болса, режиссері – Еслям Нұртазин. Ақын, драматург Аннас Бағдат мюзиклді қазақ тіліне аударды. 4444 Мюзикл  желісі бойынша еліміздің әр өңірінен консерваторияға оқуға келген төрт жігіттің басынан кешкен  қызықты оқиғалары, жастық шақ,   достық  пен махаббат жайы баяндалады.  Оқиға 60-70-ші  жылдар кезеңінде өрбиді. Мюзиклға қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев, «Дос-мұқасан» тобының әндері арқау болды. Әлемдік музыканың  жауһарлары Франкель, Битлз  репертуарының шығармалары орындалады. Сондай-ақ,  жаңа стилистикалық бағытта  жазылған  композициялар да бар. 33333 «Astana Musical» - еліміздегі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының негізінде құрылған тұңғыш мамандандырылған  мюзикл театры. Спектакльде жас актерлар өнер көрсетеді. Жаңа театр замануи бағыттарға негізделіп, отандық мюзиклдердің бірегей репертуарының орталығына айналмақ. 1111