15 Қараша, 2016

Ұлттық Банктің мобильді қосымшасы шықты

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлттық Банк басшысы «НБК Online» жаңа мобильді қосымшаның іске қосылғаны туралы хабарлады. Енді қазақстандықтар AppStore және PlayНауket дүкендерінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде «НБК Online» жаңа мобильді қосымшасын жүктей алады. Бұл туралы бүгін Астанадағы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте базалық мөлшерлеме туралы баяндама жасағанда ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. «Естеріңізде шығар, біз ҚР Ұлттық Банкінің «НБК Online» жаңа мобильді қосымшасының іске қосылатынын алдын ала хабарладық. Бүгін мен оның іске қосылғаны туралы ресми түрде хабарлаймын. Мобильді қосымша халықтың реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ұлттық Банкпен жедел өзара іс-қимылына арналған», - деді Д. Ақышев. Оның айтуы бойынша, «НБК Online» пайдаланушы өзінің сұрақтарымен, мәселелерімен, ұсыныстарымен Ұлттық Банкке тікелей өтініш жасауына болатын Whatsapp, Viber немесе Telegram сияқты танымал сервистерге ұқсас заманауи мессенджер қызметін атқармақ. «Сонымен қоса, «НБК Online» пайдаланушылары KASE-дегі сауда-саттықтың нәтижесі, валюталардың бағамдары туралы соңғы ақпаратты, қаржы нарығы жөніндегі деректерді және ҚР Ұлттық Банкінің басқа жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып білетін болады. «НБК Online» қосымшасына күн сайын жаңартылатын жаңалықтар қамтылған», - деп хабарлады Д. Ақышев.