15 Қараша, 2016

Елбасы Болгарияның жаңа Президентін құттықтады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Румен Радевқа Болгария Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Болгария халықтарының игілігі жолындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Румен Радевқа зор денсаулық, қызметіне табыс, ал достас болгар халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.