15 Қараша, 2016

Биылғы жылға дәрілік заттарды жеткізу аяқталды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ағымдағы жылға республиканың денсаулық сақтау ұйымдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуді Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС-і мерзімінен бұрын 100 % көлемде аяқтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2016 жылы «СК-Фармация» ЖШС-і еліміздің 1115 денсаулық сақтау ұйымдарына барлығы 114 млрд. сомаға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 958 атауын жеткізді. Оның ішінде: отандық өндірушілерден, соның ішінде ұзақ мерзімді шарттар бойынша- 25,2 млрд. теңгеге; тікелей шарттар бойынша шетелдік өндірушілерден аналогы жоқ препараттарды - 16,7 млрд. теңгеге; тендер шеңберінде 71,9 млрд. теңгеге сатып алынды. Сондай ақ, мемлекет бюджетінің 5,4 млрд.теңгесі үнемделді. Бірыңғай дистрибютердің  7 жылдық қызметі барысында жалпы үнем - 41,9 млрд. теңгені құрады. «СК-Фармация» ЖШС-ның тарихында тұңғыш рет 2017 жылдың тендерлері алдын ала өткізілді. Өнімдердің 90% бойынша жеткізушілермен келісім-шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьютор 2017 жылдың бірінші жеткізілімін осы жылдың желтоқсанында жүзеге асыруға дайын. Сонымен бірге, 2016 жылы компанияда логистиканың жаңа әдістері енгізілді. Оның негізгі ерекшелігі – медициналық ұйымдарды келесі айда дәрілермен қамтамасыз етуді ағымдағы айдың 15-не дейін жүзеге асыру.